ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

БАЛҒЫНДАР АЛАҢСЫЗ ТЫНЫҒУДА

14:54, 11 маусым 2021

ДК: Жылдағыдай мектеп оқушыларының жазғы демалысын алаңсыз өткізу үшін Есіл ауданында жүйелі жоспар жасалды. Өңірдің 28 мектебінде 40 демалыс алаңы ашылып, жұмыс істей бастады.

РКС: Есіл қаласындағы № 1 жалпы білім беретін мектепке келгенімізде осындағы ойын және спорт алаңында 1-ші және 4-ші сынып оқушылары белгіленген жоспар бойынша түрлі шаралар өткізіп жатты. Санитарлық талаптарды бұлжытпай орындаған бүлдіршіндердің көзінен қуаныш нышаны сезіледі.

СНХ: ВИКТОРИЯ ТЕРЕНТЬЕВА, ТӘРБИЕШІ: /рус/ Біздің «Жұлдыз» ойын алаңы балаларды қорғау күні өз жұмысын бастады. 15 баламен шектеліп, жоспарлы шаралар жасап жатырмыз. Бүлдіршіндер мектеп жанындағы алаңда түске дейін болады. Содан кейін ата-аналары үйлеріне алып кетеді. Мәдени-көпшілік жұмыстардың кешенді жоспары жүзеге асуда. Мұнда төменгі сынып оқушылары тынығады. Олар спортпен шұғылданып,  ән айтып, би билейді. Өзге де мәдени спорттық жұмыстарға тартылады.

РКС: Жазғы демалыс уақытында аталмыш мектептің 100-ге тарта төменгі сынып оқушылары осы жерде демалып шынығады.

СНХ: МЕЙРАМГҮЛ НЫСАНБАЕВА, ЕСІЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 1 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: /қаз/ Балаларды қорғау күні ашылған мектеп жанындағы алаң ытамыздың ортасына дейін жұмыс істейді. Спорт және басқа да ойын алаңдары сақадай сай әзір болды. Кешенді жоспар жасалып, биыл жүзеге асып жатыр. Бүлдіршіндер Есіл қаласындағы музейлер мен өзге де мәдени нысандарға саяхат жасайды. Өңірдің өнерлі жастарымен кездесу жоспарланған. Өзге де жұмыстар жүйелі жүргізіледі.

РКС: Мектеп оқушыларының жазғы демалысы басталғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Аудандық білім бөлімі барлық 28 мектептің жанындағы тынығу орталықтары мен алаңдарын назарда ұстайды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ , ДАРХАН САҒЫН , «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...