ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА СУ ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР БЕРІЛДІ

20:13, 19 қараша 2021

ДИКТОР: Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына су жаңа 4 автокөліктің кілті берілді. Жол таңдамайтын темір тұлпарлар жұмыс сапасының жақсаруына септігін тигізеді деп күтілуде. Аталмыш инспекция мамандары жыл басынан бері 1400ден астам рейдтік шаралар өткізіп, заң бұзушыларға 7,5 млн теңгеге жуық айыппұл салған.

РКС: Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының құрамына 4 бөлім кіреді. Олардың біреуі Солтүстік Қазақстанда, қалған үшеуі Ақмола облысында орналасқан. Инспекцияның негізгі мақсаты: балық шаруашылығын дамыту, өсімін молайту, заң бұзушылықтардың алдын алу және қадағалау жұмыстарын жүргізу. Қарамағында 35 маман мен 15 автокөлік бар.

СНХ: НЫҒМЕТ ҚАУАШЕВ, «ЕСІЛ» ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Міне, бүгінгі таңда соның саны жаңа 4 джак автокөлігімен толықтырылып отыр.  Бұл автокөліктерді балық шаруашылығы комитеті сатып алып беріп жатыр. Мемлекеттік сатып алу барысында.  Бұл машиналар балық шаруашылығын қорғау, өсімін молайту және браконьерлікпен күресу мақсатында пайдаланылатын болады.

РКС: Инспекция мамандарының айтуларынша, жаңа көліктер жұмыс сапасының жақсаруына оң әсерін тигізеді. Ақмола облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің басшысы Мұрат Шалабай «бұрын машиналарымыз жиі сынып, оларды жөндеуге уақыт кететін. Су жаңа көліктермен жұмысты сапалы әрі дер кезінде орындайтын боламыз,-дейді.

СНХ: МҰРАТ ШАЛАБАЙ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:  Жалпы, бұл өте жақсы. Ертең инспекторлерге талай-талай жолдарда жүргенде, заң бұзушыларды табуға өте үлкен, көп әсер етеді. Бұрынғы машиналарымыз әбден тозғандары бар. Жиі-жиі сынып, көп сайман керек болатын. Қазіргі уақытта бұл өте жақсы шара. Сол енді өзіміздің атымыздан, инспекторлердің атынан біздің комитетке көп алғысымызды айтып жатырмыз.

РКС: Жалпы, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары жыл басынан бері 1400ден астам рейдтік шаралар өткізген. Нәтижесінде, 434 балық аулау қағидасын бұзу фактісі анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттамалар толтырылған. Сонымен қатар, 7,5 млн теңгеге жуық айыппұл салдық,-дейді инспекция мамандары. Оның 6,5 млн-нан астамы өндірілген.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...