ШҰҒЫЛ! ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ Толығырақ

БАС ҚАЛА – БАСТЫ ЖОБА

20:54, 19 наурыз 2020

 

Жүргізуші: Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатқанына тура бір жыл. Ширек ғасырдан артық ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған реформалары, қабылдаған шешімдері мен ұсынған бастамалары ұшан теңіз. Ал оның ең басты жобасы әрі маңызды шешімдерінің бірі ел астанасын Арқаға көшіру. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл идеясы қалай жүзеге асқанын бір шолып өтейік.

 

Шум. 02:26 Жаңа Астанамыздың  өзіміз бет алған жаңа стратегиямыздың бастауы боларына және іске асар ортасы боларына сенімім кәміл.

 Гео: БЕЙНЕҚОР

Тілші: Азаттықтың алғашқы жылдары Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, төрткүл дүниені таң қалдырса, астананы Арқаға көшіру туралы шешіммен тағы тамсандырды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ойына күмәнмен қарағандар сыртта ғана емес, іште де аз болмады.

 ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ 04:45 Ол кезде экономикалық жағдайымыз өте төмен. Сол кезде Бонн қаласынан Германия Берлинге көшті. Олар 10 жылға жоспарлаған көшті. Ал бізде кеңес одағының қирандысы болып жатқан кезде қалай болады деген күдік болды. 

Тілші: Ал Нұрсұлтан Назарбаевта күдіктен гөрі үміт көбірек болды. Өйткені жаңа ел ордасы таңдалғанда экономикалық, инфрақұрылымдық әлеуеті, көлік-транспорттық жағдай, қауіпсіздік пен демография, қоршаған орта сынды барлығы 32 фактор ескерілді. Сарыарқаның сары даласындағы шағын шаһар сол басты талаптарға сай келді.

 ӨМІРБЕК БӘЙГЕЛДІ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ///04:08 Біраз қала аталған. Бұл дұрыс болды. Қанша жерден тың дегенімен бұл қала дамымай қалған екен. Халқы да аз екен. Бұл жерде салынған қала бірден көрінеді. Қарағанды да сөз болды. Егер Қарағандыны алғанда жаңа үйлер қосылар еді. Ал мынау жоқ жерден салынды.  Қазіргідей әлемге танылмас еді. Тегіс дала,ел қанатын  батысқа жаямын десе басысқа,солтүстікке жая алады,оңтсүтікке, шығысқа болсын. Барлығы тең өте дұрыс аталды.Барлық жағынан басқару жасайтын өте дұрыс жер болды. 

Тілші: Ел астанасын ауыстыру туралы президент жарлығы шыққан соң, 97-жылдың желтоқсанында «Ұлы көш» басталады. Алғашқы болып Арқаға билік өкілдері ат басын бұрды. Ал мемлекеттік қызметкерлердің ең алғашқы легін дипломаттар құраған екен.

 Гео: НҰР-СҰЛТАН

 ИКРАМ АДЫРБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ДИПЛОМАТ /Жаңалықтар. 11.03.20 Альбина интервью. 3-папка С002/  05:26 Күндіз-түні Ақмолада болып сол мәселелермен айналыстық. Сөйтіп, қазан айында алғашқы болып, біздің СІМ көшіп келген болатын. Менің есімде бар мына қараша айының басында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы бүкіл объектілерін аралап келіп, дайындығын көріп тексеріп, осы біздің СІМ ғимаратына келіп, шәй ішіп жылынғаны. Бұл да бір тарих.

 Гео: БЕЙНЕҚОР

Тілші: Иә, шынымен, Нұрсұлтан Назарбаев әр нысанның құрылысын өзі жіті қадағалады. Құрылыс қарқыны көпшілікті таңқалдырмай қоймады. Өйткені бас қала жыл санап кеңейіп жатты. Ел арасында «Көзді жұмып-ашсаң, жаңа ғимарат пайда болады» деген тіркестер тарады. 97 жылы шаһардың аумағы шамамен 20 мың гектар ғана болған. Ал халықтың саны 300 мыңға жетер-жетпес. Жиырма жылға созылған көштің арқасында қазір бас қалада 1 миллионнан астам адам тұрады. Ал елорда аумағы 3,5 есеге ұлғайды.

 АСХАТ САДУОВ, УРБАНИСТИКА ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Астанада жылына 2 миллион шаршы метр пәтер беріледі. Қаланың аумағы қаншалықты кеңейіп жатқанын шамалай беріңіздер. Жылына 50 мың адамға көбейіп жатырмыз. Шаһардың өсу қарқыны өте жоғары. Халық санының көбеюінен инфрақұрылым дамиды. Біздің ендігі мақсат - 2030 жылға қарай 2 миллион тұрғынға жағдай жасау.

Тілші: Жаңа мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер бой көтерді. Сондай-ақ білім мен инновацияның, мәдениет пен өнердің ордасына айналды. Халық санымен қоса қаланың экономикасы өсті. Мәселен, былтыр экономика саласындағы шағын және орта бизнестің үлесі бойынша бас қала көш бастады. Кәсіпкерлер субъектілерінің саны 125 мыңға жетті. Елорданың мұндай жетістіктерге жететініне кезінде елбасы кәміл сенген еді. Кеңейіп, көркейген бас қаланың жаңа атауға ие болғанына да бір жыл болып қалды. Ол Елорданың дамуына еңбегін сіңірген елбасыға көрсетілген құрмет. Альбина Әшім, Азат Рыстанбек. ҚҰТ

Тақырып бойынша материалдар

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
20:35, 27 наурыз 2020
ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...