ШҰҒЫЛ! ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК Толығырақ

БАСКЕТБОЛДАН ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

20:14, 21 қаңтар 2021

ДК: Баскетболдан ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатында ақмолалық жасөспірім қыздар командасы жеңіске жетті. Қажымұқан атындағы №3 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің құрамасы. Сондай-ақ, сайыстың үздік ойыншысы да осы құрамадан таңдалып алынған.

РКС: 16 жастағы Камила №6 орта мектеп-лицейінің түлегі. Бүгінде  азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт»  факультетінің 1 курс студенті. Оқу мен тәжірибені қатар алып жүрген ол аталмыш чемпионаттың үздік ойыншысы атанды. Балалық арманы бүгінде жеңіске ұласып отыр.

СНХ: КАМИЛА АМАНЖОЛОВА, БАСКЕТБОЛШЫ///аударма///Мен командада қорғаушымын. Яғни, ешқандай кемшілік болмауын қадағалаймын. Команда ойыншылары бір-бірін көзқарасынан-ақ түсінеді. Ойын оңай болған жоқ. Қарсыластар мықты болды. Біз бар мүмкіндігімізді пайдаландық.  Үлкен еңбектің нәтижесінде жеңіске жеттік. 5 жыл қатарынан жеңімпаз атанып келеміз. Болашақта өзіме жетекшілік ететін жаттықтырушылар  секілді мықты шәкірттер тәрбиелегім келеді.

РКС: Чемпионатқа республика бойынша 9 құрама жолдама алған. Екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы еншілесе, қола жүлдені Батыс Қазақстан облысының ойыншылары қанағат тұтты.  Жергілікті құрамаға 5 жылдан астам уақыт Татьяна мен Виктория Волковалар жетекшілік етеді.

СНХ: ВИКТОРИЯ ВОЛКОВА, ҚҰРАМА КОМАНДАНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ///аударма///Біздің ең басты қарсыласымыз Павлодар облысы мен Шымкент қаласының құрамалары болды. Өте мықты қарсылас. Соңғы минуттарға дейін кімнің жеңімпаз атанатыны беймәлім  болды.  Біз бұл сайысқа күз мезгілінен бастап дайындық жүргіздік. Іріктеуден соң жолдама алдық. Қыздар күніне кем дегенде 3 сағаттан дайындалады. Сондай-ақ, олар «Оқжетпес» баскетбол клубының үлкен құрамында да бар. Онда да біршама тәжірибе жинайды.

РКС: Айта кетейік, құрамада 12 ойыншы бар. Қазір команда ақпанда Алматыда  өтетін «3-ке 3» сайысына қызу дайындық жүргізіп жатыр. 

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
20:08, 3 наурыз 2021
ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТ...
Толығырақ...
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
20:06, 3 наурыз 2021
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар