ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ ТАҚЫРЫП

20:32, 14 қыркүйек 2021

 

ДК: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Тұрғын үй мәселесі біздің азаматтар үшін әрқашан басты мәселелердің бірі болып қала береді»,-деп атап өтті. Осыған байланысты тұтас тұрғын үй жобасын әзірлеу жоспарда бар.

РКС: «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты бағдарламалардың мерзімі де аяқталды.  Бұл ретте ипотекалық нарықтың мөлшерлемесі әлі де жоғары болып тұр. Яғни, әрбір қазақстандық үшін баспана алу қолжетімділігі аз.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ: Мен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын қолдану бастамасының оң әсерін атап өттім. Бұл тенденцияны сақтау үшін мен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйді кейіннен сатып алу үшін Отбасы банкіндегі шотқа жеткіліктілік шегінен жоғары аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын. Бұл сонымен қатар қаражат жинауды және оларды ақылмен басқаруға мүмкіндік береді.

РКС: Президент берген пәрменге сәйкес, енді «Отбасы» банкі тұрғын үй кешенді бағдарламасының әкімшісі болады. Бұл дегеніміз банк міндетінде «бір терезе» қағидаты тұр деген сөз. Бүгінгі таңда «Отбасы Банкінің» Ақмола облысындағы филиалында «Шаңырақ», «Нұрлы жер 5-20-25» және «Бақытты отбасы» «2-10-25» мемлекеттік бағдарламаларды іске асырылып жатыр.Соның арқасында  жыл басынан бері 185 отбасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізді.

СНХ: ДАНИЯР САУЫТОВ, «ОТБАСЫ БАНКІ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ: «Бақытты отбасы 2-10-25» бағдарламасына азаматтардың үш категориясы үшін қолайлы. Олар: көпбалалы, ерекше жандар мен толық емес отбасылар. Несие сомасының 10 проценті мөлшерінде бастапқы жарна болған жағдайда, қарыз жылдық 2 процентпен 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Сонымен қатар «Шаңырақ» барлық азаматтарға арналған. Бағдарлама бойынша 10 процент бастапқы жарнаны толтырып, жылына 5 процент мөлшермен 20 жылға несие алуға мүмкіндік бар.

РКС: Сонымен қатар, банк ішкі бағдарламаларды жүзеге асырады. «Тұрғын үй несиесі» жылдық 5 процентке есептеледі. Мұнда 50 проценті- бастапқы жарна. «Ұмай» - әйелдерге арналған ипотека. Шартқа сәйкес, отбасының табысы 320 мың теңгеден аспауы керек.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...