ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ҰЛАҒАТЫ… Толығырақ

«БАСТАУ БИЗНЕС»: 85 КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ

13:44, 30 сәуір 2021

ДИКТОР: «Бастау Бизнес» жобасы Ақмола облысында өте танымал. Арнайы оқыту курстарынан өткен ауыл мен қала тұрғындары жеке кәсіп ашып, табыс тауып отыр.   Бүгінгі күні Біржан сал ауданында 85-тен астам кәсіпорын ашылды.

РКС: Степняк қаласының тұрғыны Лариса Тимофеева ұзақ уақыт үй шаруасымен ғана айналысып келді. «Бастау Бизнес» туралы естіген бетте, оқыту курсынан өтіп, өзінің бизнес жобасын сәтті қорғап шықты. 555 мың теңге көлемінде грант ұтып алып, азық-түлік дүкенін ашты.

СНХ: ЛАРИСА ТИМОФЕЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:///аударма///Мен бұл жобаның әсіресе біз сияқты қарапайым жандар үшін қаншалықты маңызды әрі қажет екенін айтқым келеді. Ауыл тұрғындарын осындай жаңашылдықтар туралы хабарландырып отыру керек. «Бастау Бизнес» жобасының арқасында өзімнің ойымда жүрген дүниемді жүзеге асырдым.

РКС: Қоғамдық тамақтану орнының иесі, жас кәсіпкер Айдана Ғалымжан да «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген. 505 мың теңге көлеміндегі ұтып алған грантқа тұрмыстық техника мен ыдыс-аяқ сатып алған. Облыстық кәсіпкерлер палатасы Айданаға тамақтану орнына қажетті ғимаратпен көмектесіпті. Бұдан бөлек  кәсіпкер ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 6 миллион теңге несие алған.

СНХ: АЙДАНА ҒАЛЫМЖАН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: //аударма//Бізді оқытқан бизнес-жаттықтырушы өте мықты болды. Бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп, кәсіпкерлікке қатысты көп нәрсені үйретті. Бұл жолда қаржылық сауаттылық өте маңызды. Осының бәрін біз «Жас кәсіпкер» бағдарламасының арқасында үйрендік. Бизнесті кеңейтуге арналған гранттар мен несиелік бағдарламалар өте көп.

РКС: Ауылды жерлерде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы үлкен сұранысқа ие.

СНХ: АҚМАРАЛ КЕНЖЕБАЕВА, «АТАМЕКЕН»  ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:///аударма///Аталған жоба басталғалы бері біздің аудан бойынша 390-нан астам адам оқып шықты. Оның 125-і өзінің жеке кәсібін ашып, осынша адамды жұмыспен қамтыды.  "Бастау Бизнес" жобасы бойынша ашылған кәсіпорындардың 65 проценті ауылда мал шаруашылығын дамытып отыр. Ал 34 проценті  халыққа қызмет көрсету орындары.

РКС: "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін Біржан сал ауданы бойынша 50 адамды оқыту курстарынан өткізу жоспарланған. Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының мамандары грант санының өсуінен үмітті.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, ИВАН ОДНОРОГ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
18:28, 30 сәуір 2021
50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
19:57, 30 сәуір 2021
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Толығырақ...