ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

14:51, 22 мамыр 2020

ДК: Мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, кәсібін дөңгелеткендер көпке үлгі. Мәселен, зеренділік Дамира Битенова «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, жеке косметологиялық кабинетін ашқан. Ал, Айгүл Рзаева болса, тапсырыспен ас дайындау ісін жолға қойған. Жалпы, жыл басынан Зеренді ауданында 22 азамат жеке ісін өрбітуді қолға алған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары аясында бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 200-ге жеткізу жоспарлануда.

 

РКС: Сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып, кәсіпкер атану оңай емес. Ол үшін кәсіпкерлік негіздерін меңгеру қажет,-дейді зеренділік кәсіпкер Дамира Битенова. Медбике ретінде 20 жылға жуық еңбек өтілі бар кейіпкеріміз жеке косметологиялық кабинетін ашып, кәсіпкер атану үшін алдымен «Бастау бизнес» жобасы аясында білім алған. Сол білімінің арқасында бизнес жоспар құрастырып, грант иегері атанады.

СНХ: ДАМИРА БИТЕНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР///аударма:///Это программа мне очень помогла. Во первых они меня обучили финансовой грамотности.... Бұл бағдарламаның маған көмегі көп тиді. Біріншіден, өз ісінің нағыз мамандары мені қаржылық сауаттылыққа үйретті. Салықты қалай  төлеу керектігін көрсетіп, түсіндірді. Соның арқасында мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Сөйтіп, маған бизнес жоспар құруға көмектесіп, ісімнің басы-аяғына дейін қолдау көрсетті десем артық айтқандық емес. Қазір мен сол бизнес-жоспардың арқасында жемісті еңбек етудемін. Оқудан өткеннен кейін маған қайтарымсыз грант берілді. /// 2снх

РКС: Грант қаржысына кейіпкеріміз косметологиялық комбайн мен стерилизатор сатып алады. Сөйтіп, шағын кабинеттің қызмет көрсету аясы кеңейе түседі. Дамира онымен қоймай, өзінің білімі мен біліктілігін арттыруға үлкен мән береді. Жалпы, Зеренді ауданында Дамира сияқты жеке кәсіппен айналысам деушілер қатары жыл санап артып келеді.

СНХ: РАУШАН ОМАРОВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕСШІ МЕНЕДЖЕРІ ///Аударма: 2019 жылы  51 миллион теңгеге 132 зеренділік азаматқа грант берілді, ал жалпы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 250 адам оқудан өтті.  Нәтижесінде жеке кәсіптерін дамытуға 88 адамға жалпы сомасы 350 миллион теңге көлемінде шағын несие берілді. Біздің басты мақсатымыз жеке кәсіпкерлікке бет бұрып, оқудан өткен, қаржы алған азаматтарға қолдау көрсету. Бір жыл бойы біз оларға бизнес-жоспар бойынша жұмыс істеуге көмектесеміз, бухгалтерлік есеп, салықтық есеп беруді үйретеміз. ///

РКС: Істің көзін таба білетін жан үшін, жеке кәсіппен айналысып, табысты болу уақыттың еншісінде.Тек талмай еңбектену қажет. Айгүл Рзаева 25 жылдық еңбек өтілі бар аспазшы. Заман талабына сай ол өзі ұнататын кәсібін табыс көзіне айналдыруды шешеді. Яғни, жұмысбастылар үшін тапсырыспен түрлі тәтті-дәмділер дайындап, жеткізеді.

СНХ: АЙГҮЛ РЗАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР///аударма:///«Маған «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан өту ұсынылды. Жеке кәсіпкер үшін қажет білімімді толықтырған соң маған қаржылай көмек ретінде қайтарымсыз грант берілді. Ол каржыға мен қажетті заттар сатып алдым. Сөйтіп, жыл басы, қаңтар айынан бастап жеке кәсіпкер ретінде жұмысымды бастап кеттім. Қазірде 10-12 шақты тұрақты тұтынушым бар. Бұл ісімді әрі қарай дамытуды көздеп отырмын. ///

РКС: Жеке кәсібін ашуға зеренділіктердің құлшынысы жоғары. Биыл «Бастау бизнес» аясында оқудан өтуге 300-ден  астам өтініш келіп түскен. Коронавирус індетіне байланысты кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту онлайн-режимде өтеді деп жоспарланып отыр.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

15:11, 31 мамыр 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЭКСПОРТТАУ МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...