ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

19:53, 14 қазан 2021

 

ДК: «Бастау Бизнес» жобасы Бұланды ауданында сәтті жүзеге асуда. Соңғы 2 жылда 150-ге жуық жергілікті тұрғын жоба аясында кәсіпкерлікті дамыту тұрғысында білім алған. Бүгінде соның тең жартысы өзінің кәсібін ашып, ісін өрге домалатып отыр. Жеке кәсіпкерлердің дені жастар екенін  атап өткен жөн.

РКС: Бұл  - Бақытжанның бала күнгі арманы. Яғни  жеке шаштараз ашып, халыққа қызмет көрсету.  Қазіргі таңда жас кәсіпкер бала арманын орындап, діттеген мақсатына жеткенін айтады. Ол жоба аясында мемлекеттен  583 мың теңге қаржы алып, аудан орталығынан өз шаштаразын ашқан.

СНХ: БАҚЫТЖАН ТҰРСЫНБЕКОВ,  ШАШТАРАЗ: Мен бұл қаржыға шаштаразға қажетті қондырғылар алдым. Сұраныс бар. Табысы да жаман емес. Осындай мемлекеттік бағдарламаның болғаны жақсы. Себебі бұл біз сияқты жас кәсіпкерлерге үлкен қолдау.

РКС: Жыл санап ауданда жеке кәсіпкерлер саны артып келеді. Оған осындай игі жобалар сеп болуда. Жергілікті сала мамандарының сөзі осыған саяды. Осы жылдың өзінде 72 адам жоба аясында білім алған.

СНХ: АЙЖАН МҰХАМЕДИЕВА, АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫСЫ:  Соның 64-і оқуды сәтті аяқтады. 17 адам мемлекеттік грант алса, 13-і жеңілдетілген несие алды. Осылайша «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту өз кәсібін жасап жатқан адамдарға және жеке кәсіпкерлерге өз ықпалын тигізуде.

РКС: Жалпы облыс бойынша  бұл бағыттағы көрсеткіштер көңіл қуантады. Мәселен, осы жылы «Бизнестің жол картасы  - 2025» бағдарламасы аясында 7 млрд.теңге қаржы бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Нәтижесінде  741 бизнес жоспар мақұлданған.


АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...