ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

БАТЫЛДЫҚ ПЕН ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

18:07, 23 маусым 2022

ДИКТОР: Кез келген уақытта заңға бағыну қажет. Полиция қызметкерінің міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Олардың еңбегі ерен, ерлігі үлгі. Ерлік пен батылдықты бір бойына жинаған бүгінгі біздің кейіпкеріміз-Саят Қадыров.

 

РКС: Саят бала кезінен полицияда қызмет етуді армандаған. Әскери қызметте ерекше көзге түсіп, оған мемлекеттік шекараны бұзушыларды құрықтағаны үшін "Шекара әскерлерінің 2 дәрежелі үздігі" медалі табысталды. Бұл оның мамандығын таңдауды күшейтетін армиядағы қызмет. 4 жыл бұрын алғаш рет Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қатарына қосылды. Онда ол өз қасиеттерін көрсете алды және қызметті абыроймен атқарды. Жігітке пойыздың астында қалған әйелді құтқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалі табысталды.

СНХ:  САЯТ ҚАДЫРОВ-КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ПОЛИЦИЯ АҒА СЕРЖАНТЫ:  Мен пойыздың жақындап келе жатқанын көрдім.Мен итермелеу керек деп шештім. Бұл жағдайда мен өз өмірім туралы ойламадым. Менің ойымша, бұл тиіс, және  бұл менің борышым, менің берген антым, кез-келген полиция қызметкері менің  орнымда болса көмектесер еді.

РКС: Барлығы сәтті аяқталды. Әйел құтқарылды. Саят өзін батыр деп санамайтынын мойындайды, өйткені бәрі мұны істейтін еді. Ерлік, батылдық, абырой — бұл ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін жай ғана сөз емес. Естеріңізге сала кетейік, 1992 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "ішкі істер органдары туралы" Заң қабылдады.

СНХ: ҚАЙРАТ ӘБЕЛДИНОВ, КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  2018 жылы бізге қызметке келді. Әлі күнге дейін ортамызда. Міне, біздің құрамда  жұмысына адал қызметкерлер  істеп жатыр. Бұл министрлік атап өткен мысалдардың бірі ғана.

РКС: Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің ұзындығы 1 мың шақырымнан астам, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай         облыстарына қызмет көрсетеді. Биыл желілік полиция бөліміне қызметке қабылдау ережелері келісімшарт бойынша қызмет еткендер үшін жеңілдетілді. Мерзімді әскери қызметтен өткендер үшін оқыту қажет. Оқу мерзімі мемлекет есебінен төленеді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДИНАРА СМАЙЫЛОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ  ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
19:25, 27 маусым 2022
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ  ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
19:09, 27 маусым 2022
2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
17:45, 24 маусым 2022
ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
Толығырақ...
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
21:09, 21 маусым 2022
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
Толығырақ...