ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

БАТЫР ҚЫЗ, АЙҒАНЫМ. СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

18:15, 24 маусым 2021

ДК: Перезентхана мамандарының салғырттығынан клиникалық өлім мен 20 операцияны бастан кешкен Айғаным Боташтың ісі бойынша сот процесі аяқталды. Сот үкіміне сәйкес Көкшетау қалалық перезентханасы жапа шеккен тарапқа 14млн. теңгеге жуық өтемақы төлейді.

РКС: Көкшетау қалалық соты акушер-гинекологтар М.Есбергенова мен Г.Омарованы ҚР Қылмыстық Кодексінің 317 бабы 2-ші тармағы «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бойынша айыпты деп таныды. Алайда, арада екі жылдан артық уақыт өтуіне байланысты қылмыстық жаза тағайындаудың шекті мерзімі өтіп кеткен. Сот полицейлер мен прокуратура қызметкерлерін тергеу ісін негізсіз созбаққтаған деген шешім шығарды.

РКС: 2019 жылдың 7 мамырында Айғаным Боташ Көкшетау қалалық перинаталдық орталығына келіп түседі. Жас ана  клиникалық протоколға сәйкес бір тәулік ішінде сәбилі болуы тиіс еді. Алайда, 8 мамыр күні кезекшілік атқарған Омарова мен Есбергенова мұны жоққа шығарып, жағдайы ушыққан Айғанымды демалыс күндерінде қабылдамай қояды.  Қалжыраған ана 10-шы мамырда операция көмегімен қызды болады. Әлсіреп туған баланы реанимацияға жөнелтеді. 11 мамырда дәрігерлерді көмекке шақырмақ болып, есік босағасында есінен танған жас ананың жүрегі тоқтаған. Ұзақ уақыт төсекке таңылып,комадан оянған соң Айғаным Бірінен соң біріне ұласқан 20 операцияны бастан кешеді.

СНХ: АЙҒАНЫМ БОТАШ, І ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК: «Перитонит, кома, бүйрек, бауыр, өкпенің жұмыс істемей қалуымен күрестім. 20-дан астам  операцияны бастан өткердім. Менің денсаулығым әлі де қиын. Өкпені жасанды желдету аппаратымен дем алдым. Мені қайтадан тыныс алуға үйретті. Репродуктивті органдарымды алып тастады. Мен бұдан кейін бала сүйе алмаймын. Табаным мен саусақтарымды ампутациялады. Іш терімнің 90 процентін алмастырды. 8 ай пластомамен жүрдім. Тахикордиядан қиналамын. 6 рет ампутация жасады. Себебі аяқ қолымның еті қашып, жалаң сүйек тесіп шығады. Қазақстанда сүйекті қайтадан кесіп тастағаннан басқа методика жоқ, сондықтан шетелге баруыма тура келеді» - дейді Айғаным.

РКС: Айыпталғандардан бөлек, облыстық денсаулық сақтау басқармасына перезентхананың екі лауазымды басшысы мен екі дәрігерін жұмыстан босату туралы талап арыз жолданған. Перезентхана 13 млн. 928 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Сот полицияның 8 ай бойы тергеу жүргізуіне ешбір негізді себебі болмағанын айтып отыр. Мұның себебінен айыптылар бас бостандығынан айырылған жоқ. Айғаным мен Арман заңда осылай болғасын келісуге мәжбүрміз, -дейді. Олар ел Парламентіне бұл заңға өзгеру енгізу туралы ұсыныс жолдауға ниетті. 

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ,ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ.  «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...