ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІРІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН «АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ»

21:20, 17 қараша 2021

ДИКТОР: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, батыр Бауыржан Момышұлының өмір жолын жастарға үлгі етіп, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау аға буын өкілдерінің мақсаты. Осыған орай, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты кітабы бойынша әдеби-танымдық кеш өтті. Іс-шара қатысушылары аталмыш шығарманы талқылап, батыр атамыздың өміріне шолу жасады.

РКС: Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты туындысы қаhармандық рухтағы шығарма. Роман-диалог Бауыржан Момышұлының өмірінен сыр шертіп, батыр атамызды әр қырынан көрсетеді.  Кітапта бүкіл дивизияны басқарып, жауға аттанған командирдің тапқырлығы мен алғырлығы суреттеледі. Әдеби-танымдық кеш ұйымдастырушыларының мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмірін насихаттап, жастарға үлгі ету.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕКОВ, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл «Ақиқат пен аңыз» кітабы бізді жас кезімізден патриоттыққа тәрбиелеген, ұлтсүйгіштікке тәрбиелеген, Бауыржан тұлғасына қызықтырған үлкен шығарма. Оның үстіне келесі жылы Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығы.

РКС: Әдеби-танымдық кешке арнайы шақырылған қонақтардың бірі Бауыржан Момышұлының немере інісі Бекет Момынқұл. Оның айтуынша, қазіргі жастарға нағыз патриот болу үшін қос батыр, ажырамас дос болған Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллиннің өмірі туралы білу маңызды.

СНХ: БЕКЕТ МОМЫНҚҰЛ, БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ НЕМЕРЕ ІНІСІ: Екеуі де ғалым болған, екеуі де жазушы болған. Ақындығы қандай. Солардың мұрасы, жазып кеткен хаттары бар, кітаптары бар, өлеңдері бар, нақыл сөздері бар. Соның бәрін оқысаңыздар көп нәрсеге көздеріңіз жетеді.  Қазақ ұлтының байлығы, тарихының тереңдігі соның бәрін жеткізіп, айтып бүкіл елге,жұртқа, дүниежүзіне таныстырған осы екі адам.

РКС: Кітапхана қызметкерлерінің айтуларынша, Бауыржан Момышұлы туралы шығармалар жастар арасында сұранысқа ие. Батыр тұлғаның өмірінен сыр шертетін туыдылармен танысқан әр оқырман оның өмірі мен қайтпас қайсарлығы, Мәлік Ғабдуллинмен достығы туралы тың деректерге қанық бола алады.

СНХ: ГҮЛЖАНАТ РАЙҚҰЛ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мәлік Ғабдуллин мен Бауыржан Момышұлы тек майдандас дос емес, аға-іні болып кеткен. 01:45 – 02:00 Бауыржан Момышұлының Мәлік Ғабдуллинге деген құрметін көре аламыз. Ол айтады мен майданда командир болсам, Мәлік менің ақылшы, офицерім болды. Ол менің майдандас ақылшым, майдандас досым деп айтады.

РКС: Қос тұлғаның ажырамас достығы іспетті кітапхана ішіне ағалы-інілі Бәуке мен Мәкеңнің өмірлерінен сыр шертетін «Батырым – Мәлік беренім...», «Батыр Баукең: «Ақиқат пен аңыз» атты көрмелер ұйымдастырылған.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...