ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

БЕЛГІЛІ ПСИХОЛОГТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

19:28, 19 шілде 2021

 

ДК: Демалыс күндері Көкшетауда кеңестік дәуірден танымал қазақстандық психолог Марс Ғалиұлы Сұбханқұловқа арналған мемориалдық тақта орнатылды. Оның ашылу салтанаты Біржан сал көшесіндегі 29, яғни профессордың өзі тұрған үйде өтті.

РКС: Марс Ғалиұлы – профессор, психология ғылымдарының кандидаты, доцент. Ол 1935 жылы Башқұртстан Республикасының Бақалы ауылында дүниеге келген. Оқуды бітіргеннен кейін Свердлов облысы мен туған жеріндегі түрлі аудандарда еңбек атқарды. Қазан университетінің аспирантурасын аяқтағаннан кейін облыс орталығына келеді. Көкшетау педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі болып, кейін «Көкше» академиясында қызмет атқарады. Белгілі профессордың қызы Евгения Субханкулова мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Мәскеуден арнайы келді.

СНХ: ЕВГЕНИЯ СУБХАНКУЛОВА, ҚЫЗЫ: Мен үшін әкем бәрі болды. Оның мендегі орнын, бағасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Ризашылық білдірудің өзі аз секілді. Балалық шақта сезінген әке махаббатының жөні бір бөлек. Үнемі бар назарын салып, сүйіспеншілікпен қарады. Ол тек маған ғана емес, Көкшетау қаласының тұрғындарына да сондай қамқорлық танытты.

РКС: «Бақыт – бұл сен және сенің өмірің, ол енді қайталанбайды». Әрбір ақмолалық білетін Марс Субханкуловтың бұл сөздері қазір профессордың 1935 жылдан бастап тұрған облыс орталығындағы үйін безендіріп тұр.

СНХ: АЙМАН СӘДУАҚАСОВА, ПСИХОЛОГ: Марс Галиевичтің есімі тарихқа енді. Ол өз мектебін ашып, авторлық тренингтер өткізген алғашқы психологтардың бірі. Мен одан сабақ алдым, ғылыми жетекшім болды, 10 жылдан кейін біз ол кісімен бір кафедрада жұмыс істедік. Мен Нұр-Сұлтан қаласынан келдім, өйткені мұндай іс-шараны қалыс қалдыра алмадым. Ол ашық адам ретінде есте қалды. Оның барлық тренингтері тұлғаның барлық қасиетін аша алды.

РКС: Ашылу салтанатына танымал психологтар, әріптестері және Ресейден арнайы  келген туысқандары қатысты.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, КӘМШАТ ТӘКІШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...