ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

БЕС АУЫЛДА ЕРІГЕН ҚАР СУЫ СОРЫЛУДА

14:30, 6 сәуір 2021

ДИКТОР: Ақмола облысында көктемгі су тасқыны басталды.  Целиноград ауданына қарасты 5 елдімекенде  су сору жұмыстары жүргізілуде. Жалпы өңір бойынша су тасқынына қатысты ахуал әзірге тұрақты.

РКС: Қардың күрт еруіне байланысты Целиноград ауданының Қосшы, Талапкер, Қоянды, Қызылжар және Қараөткел ауылдарында су деңгейі көтерілді. Қар шығару, еріген суды сору жұмыстары жалғасып жатыр. Бөгеттер нығайтылып, арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ,  ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ///рус///Бүгінгі таңда су айдындарында мұз әлі ери қойған жоқ. 10 ауданда өзендердегі мұз жабынын қопсыту, ұсақтауға қатысты жару жүргізілді. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар аяқталды. Кеше біз Целиноград ауданына жеке құрамның 65 адамынан құралған топты жібердік. 20-ға жуық техника да жөнелтілді. Оның 9-ы су айдау техникасы.

РКС: Синоптиктер сәуірде ауа райы күрт жылынып, жауын-шашын мол түседі деп болжап отыр. Бұл өз кезегінде қардың еруін тездетеді. Халықты эвакуациялау қажеттілігі туындаса, 222 пункт дайын. Ақмолалық құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...