ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ОТАНДЫҚ ӨНІМ

20:52, 9 қараша 2021

Диктор кадрда: Мемлекеттік қолдаудың арқасында отандық өнімнің бәскеге қабілеттіллігі артып келеді. Бұл Жолдау жүктеген негізгі міндеттердің бірі. Өндіріс нысандары, әлеуметтік мекемелер, тіпті тұтастай елдімекенді жылытатын бу және су жылытқыш қазандықтары Бурабай ауданында шығарылады. Бүгінде кәсіпорын 200 адамды тұрақты жұмыс орнымен қаматамасыз етіп отыр.

ЖКС: Дәл қазір конструкторлар мен дәнекерлер 650 киловаттық 3 қазандықты құрастырып жатыр. Дайын өнім шығару үшін бар-жоғы 2 аптадай уақыт қажет. Жақында қазандықтар Шығыс Қазақстан облысына жөнелтіледі. Тапсырысқа сәйкес құрастырып, іске қосып береміз, дейді мамандар. 

Руслан Шишкин – дәнекерлеуші. Зауытта 8 жылдай еңбек етеді. Осы уақыт аралығында жүздеген қазандықты құрастыруға қатысқан. «Ең бастысы жерлестерімізге жылылық сыйлағанымызға қуанамын», дейді Руслан.

СНХ: РУСЛАН ШИШКИН, ДӘНЕКЕРЛЕУШІ: Қазір 1, 95 маркалы шағын қазандықты құрастырып жатырмыз. Сондай-ақ, КСВР 0,65 қазандықтары да бар. Бұл өнім Шығыс Қазақстан, яғни Аягөз қаласына жіберіледі. Әлеуметтік мекеме – мектепке жылу береді.       ////

ЖКС: Жалпы «Азиякотломаш» еліміз бойынша сериялы түрде бу қазандықтарын шағаратын жалғыз кәсіпорын. Отандық өнім – бәсекеге қабілетті. Мемлекеттің қойған міндеті де осы.

ЖКС: Шикізат, яғни металл мен қысым насостары сияқты қосалқы бөлшектер Елорда, Теміртау мен Ресейден жеткізіледі. Өткен жылы кәсіпорын 30 бу қазандығы мен 100-ден астам су жылыту құрылғысын шығарыпты. Жергілікті 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Оташа еңбекақы – 150 мың теңге.

Берік Қайдарұлы, Дархан Мүжібаев, Көкше-Ақпарат

 

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...