ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

БИ ӘЛЕМІН БАҒЫНДЫРҒАН ҰСТАЗДЫҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

13:11, 22 ақпан 2021

ДК: Демалыс күндері Көкшетауда Белоруссиядан келген педагогтың қатысуымен спорттық бал билері бойынша семинар өтті. Оған жас бишілер қатысты. Олар би негіздерін жекелей және топтап меңгерді.  

РКС: Семинар бағдарламасында Беларусь құрама командасы бас бапкерінің оқу сабақтары болды. Ол 40 спорт шебері мен әлем чемпионатының жүлдегерлерін тәрбиелеген. Семинарда Латын Америкасы билері бойынша базалық фигураларды орындау әдістері мен конкурстық композициялар жасаудың негізгі принциптері талқыланды.

СНХ: АНДРЕЙ САБАНСКИЙ, СПОРТТЫҚ БИДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САНАТТАҒЫ СУДЬЯ///аударма///Менің мұнда бірінші рет келуім емес. Бұл жердегі жарысқа төрелік еткен болатынмын. Дүниежүзілік би спорты федерациясының төрешісімін. Мұндағы жарыстар өте жақсы деңгейде өткізіледі. Турнир туралы оң пікірдемін. Спортшылардың қарқыны өте мықты. Қазақстан Республикасы бойынша да жақсы көрсеткішке ие. Менің бұл топты 10-15 жыл бұрын көрген күніммен салыстырғанда, бүгінде олардың біршама жоғары деңгейге өскендігі анық байқалады.

РКС: Жаңа жылда "Реверанс" би клубының қатысушылары Алматы қаласында өткізілген Қазақстан Республикасы Кубогының жарысына қатысып үлгерді. Жаттықтырушы Эльмира Шәріпова карантин салдарынан жаттығу қарқынының бәсеңдегеніне қарамастан, жүлделі орындарды иеленгенін мақтанышпен атап өтті. Қазылар алқасы тек биді ғана емес, актерлік шеберлік пен қатысушылардың сыртқы келбетін де бағалаған.. 

СНХ: ЭЛЬМИРА ШӘРІПОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СПОРТТЫҚ БИ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма///Карантиндік талаптарға байланысты бізде мұндай семинарлар болған жоқ. Бірінші рет өткізіліп жатыр. Біздің балалар шеберлікті арттырып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытуы қажет.керек. Бұл спортшылар үшін үлкен мүмкіндік. Қазір әлем бойынша саяхаттауға шектеу қойылғандықтан, ата-аналар мұндай семинарды ұйымдастыруға біршама қолдау көрсетті.

РКС: Қатысушылар өздеріне  алдағы уақытта  пайдалана алатын көптеген қызықты, пайдалы ақпараттар алды.

СНХ: МӘДИНА АМАНЖОЛОВА, СПОРТТЫҚ БИДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТАРДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ///аударма///Біз үшін бұл баға жетпес тәжірибе. Себебі, Андрей Сабанский керемет ұстаз, әділ төреші. Біз онымен жаттығу мүмкіндігі үшін қуаныштымыз. Біз үшін бұл ақпарат біздің би шеберлігімізді дамытуға көмектесетін жаңа ақпарат болып табылады…

РКС: Қатысушылар үшін би – жай ғана спорт емес, ұзақ уақыттан бері өмірлерінің бір бөлігіне айналған асылы іспеттес. Сондықтан оларға жарыстар, семинарлар мен шеберлік сағаттары –  әрі қарай өсу мен тәжірибе алмасу үшін даму алаңы.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МҮСЛИМА АСХАТОВА, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...