ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

БІЛІКТІ ҰСТАЗ – САУАТТЫ ҰРПАҚ

21:33, 25 қазан 2021

ДК:  Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық жобалар тізбесін бекіткен еді. Соның ең негізгісі - «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі де осы болып отыр. Алдымен кадр дайындаудан бастап, қатесіз қаріппен терілген оқулықтарға дейінгі мақсаттар орындалмақ. Тақырыпты тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тарқатады.

РКС: Мұғалімнің біліктілігін, оқушының білімін арттыру үшін жүйелі жұмыс керек.  «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы 2025 жылға қарай нәтижесін беруі тиіс. Президенттің пәрменіне сәйкес, оқу орындарының бәсекеге қабілетті болуы – басты талап. Әсіресе, кәсіптік білім беретін оқу орындарына ерекше екпін берілген. Сапалы кадр дайындау мәселесі – ұлттық жобаның мақсаты.

СНХ: АНАРГҮЛ ӘЙТЕН, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұрын бала бойында біз тұлға қалыптастыру деп талап қоятын болсақ, қазіргі күні білім-білік қалыптастыруға жағдай жасамақпыз. Білім беруде педагогикалық ұйым болғандықтан, осы жобаларды іске асыруда, мемлекет 1000 мектеп салуды тапсырған еді. Ал оның ішкі тәртібі мен білім деңгейін қалыптастырушы мұғалімдерді кәсіптік ұйымдар дайындайды. Ол үшін оқу ордамыз жаңа формациядағы, заманауи білікті, сапалы мамандарды дайындап, өз үлесімізді қосып жатырмыз.

РКС: Ұстаздық – ізденісті талап ететін мамандық. Ал іздену үшін мотивация керек. Жоба аясында педагогтердің еңбекақысын арттыру мәселесі де қарастырылмақ. Сондай-ақ, жоспар бойынша 2025 жылға қарай, жастардың 100 проценті техникалық және кәсіптік біліммен толық, маңыздысы тегін қамтамасыз етіледі.

СНХ: ӘДІЛХАН МАХМЕТ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бұл жобаны мен толығымен қолдаймын.Қазіргі уақытта білім сапасы күннен күнге дамып, өзгеріп жатыр. Сол себептен біздің оқу орындарымыз мықты маман болуға дайындап жатыр. Менің басты масқатым – жаңа формация мұғаліміне сай болу. Яғни, оқушыларға сапалы білім беру – біздің қолымызда.

РКС: Педагог құқығын қорғау тақырыбы да өзекті. Ол үшін Заң күшейтіледі. ҚР Білім және ғылым министрінің хабарлауынша, педгогтердің құқығын бұзғандар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Былтырдан бері аталған жайт бойынша, 200-ден астам түрлі лауазымдағы азаматтар жазаланған. Ұлттық жобаның құжаты жыл соңына дейін қайта қаралып, бекітіледі деп жоспарланған.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...