ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

18:05, 24 қыркүйек 2021

      ДК: Білім беру бағытындағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық мәселесі.  Ақмола облысының педагогика саласының азаматтары осы идеяны насихаттап жүр. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Нұртас Ахаттың 60 жылдық мерейтойына  арналған халықаралық конференцияда өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға барып қайтқан тілшіміз Жансұлу Жиенқұл толығырақ баяндайды.

РКС: Жиында көтерілген басты мәселелердің бірі - 12 жылдық мектептің білім мазмұнын жасау процесі. Ғалымдардың айтуынша, бұл зор еңбек пен уақытты қажет етеді. Сонымен қатар педагогикалык шеберлік және кәсіби деңгейі жоғары мамандар дайындау жайы да айтылды.

СНХ: ӘСЕЛ РАҚЫМЖАН, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі конференцияда халықаралық деңгейдегі білім беру жүйесі, сонымен қатар 12 жылдық білім беру мәселесі қарастырылды. Жалпы бізді колледж тек Ақмола облысында ғана емес, республикалық ждеңгейдегі колледж болғандықтан, таза қазақ тілінде білім берлгендіктен, ең басты басымдық – ұлттық құндылықта. +++скл++01:35 Білім деңгейі жөнінде түрді анализдер жүргізіліп жатыр. Жалпы бұл бағытта студенттердің білімі жаман емес. Жұмыспен қамту бойынша, былтырғңы жылы 93 процент жұмысқа тұрды.

РКС: Сонымен қатар «Ғылым. Ізденіс. Тәжірибе» атты көрме-экспозиция өткізілді. Онда мерейтой иесі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахатқа арналған «Тұлға» атты кітаптың тұсауы кесіліп, мақтаулар айтылды.

СНХ:  СЕРІК НЕГИМОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Нұртас Ахатұлы жөнінде айтар болсам, бір жағынан оқымысты педагог, ұстаз ғалым. Ұлттық педагогика, ұлттық салт-дәстүрлер жөнінде, білім беру жүйесіне қатысты еңбектері бүгінгі заманауи  білім беру жүйесіндегі ерекше бір күрделі еңбектер. Этнопедгогика, этнопсихология, әдебиеттанумен байланысты.  Әлемдік білім беру тәжірибесімен мол хабардар.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:  Оның Көкшеге деген махаббаты. Көкшеге деген патриоттығы. Ол неге «Ел» деген кітабын осы кезде жазды? Себебі ол алпысқа келіп, елім деп еңіреп, оны толғайтын жасқа да жетті.Мен енді тарихшы ретінде оның кейбір ойларына сыни көзбен қараймын. Кітап болғасын сын да, мақтау да болады. Дегенмен осы кітапты елге насихаттау керек.

РКС: Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті бар шәкірт, шынайы білімді бағалау жүйесі, дараланған оқыту технологиялары, креативті әдіс-тәсілдер. Мұның бәрі Қазақстанның білім беру саласындағы маңызды тақырыптар. Ол үшін мемлекет мұғалім мәртебесін көтеруден бастап, халықаралық деңгейдегі мамандармен тәжірибе алмасу ісін мықтап қолға алмақ.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...