ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ БАҒЫТЫ МЕН КӨЛЕМІ ҚАРАСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР

14:07, 10 маусым 2021

 

ДК: Мемлекет басшысы әр Жолдауында басты басымдықты халықтың әл ауқатына береді. Еліміздің қай өңірінде болсын әлеуметтік жағынан осал топтар ешқашан назардан тыс қалған емес. Білім саласында да солай. Мәселен, республикалық мәліметтерге сәйкес, биыл елде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2000-ға жуық мемлекеттік білім гранты бөлінбек.

ЖКС: Жас түлекке қажетті ақпарат. Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта жүргізіледі. Шекті балл деңгейінде де өзгеріс бар. Мәселен, педагогикалық мамандықтар бойынша  ҰБТ-ның шекті балы 70-тен 75-ке дейін ұлғайтылды.

СНХ:САНСЫЗБАЙ МЕМЕШОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ: (қазақша) /// Биылғы жылғы 55 бағдарламаның ішінде жаңа бағдарламалар бар. Ол цифрлық агро жүйелер, дизайн және сәулет өнері. Өткен оқу жылында 885 грант болды. Сондай-ақ, 115 облыстық әкім гранты болды.  Биылғы жылы да осындай нәтижелер күтіп отырмыз. Қазір университет студенттерді қабылдауға дайын. Комиссия құрылған.

ЖКС: Осы жылы инженерлік бағыттағы педагогикалық мамандықтарға 17 мыңнан астам білім гранттары бөлінбек. Оның 850-ден астамы көпбалалы отбасыларға тиесілі. Сондай-ақ, жыл сайын бөлінетін квоталарға да толықтыру енгізілді. Егер бұрын гранттар тек мүгедек балаларға ғана бөлінсе, енді отбасында осындай балалар тәрбиеленетін балаларға да жыл сайын 400-ден астам грант қарастырылмақ. Айта кетейік, ҰБТ нәтижесі бойынша мемлекеттік грантты қажет ететін балалардың жалпы саны шілдеде белгілі болады.

СНХ: ЖАНАР НҰРКИНА, ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: (аударма)///   Ағымдағы жылы әлеуметтік осал топтар үшін біршама жеңілдіктер қарастырылған. Оған сәйкес, жалпы грант санының 5%-ы төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиеленетін отбасынан шыққан бала­ларға тиесілі. Ал 1%-ы толық емес отбасындағы балаларға және бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға, І/ІІ топтағы мүгедек жандар үшін қарастырылып отыр.

ЖКС: Жыл басында грантты өтеуге қатысты заң талаптары да жеңілдетілді. Енді ЖОО тегін білім алған абитуриенттер грантты тек мемлекеттік ұйымдарда ғана емес, жекеменшік мекемелерде де өтей алады.  

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...