
ДК: Биыл білім-инновация лицей-интернатының құрылғанына – 30 жыл. Аталған білім ордасы 1992 жылы Қазақ-Түрік ынтымақтастығы негізінде ашылған. Мерейтойға орай облыстық білім басқармасының қатысуымен шара өтті.
РКС: Білім-инновация лицейі 30 жылдың ішінде 1000-ға жуық білім алушыны түлетті. Бүгінде лицей елдің ең үздік 100 мектептің рейтингісінде 30-шы орында. Оқытуды базасы халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.
СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Осы «Білім инновация лицейінің» 4 түлегі «Алтын белгі» иегері атанды. Облыс әкімінің 100 мың теңгелік ақшалай сертификаттарымен марапатталған болатын. Сонымен қатар соңғы 4 жылда республикалық олимпиадаларда көш бастап келе жатыр.
РКС: Лицейдің алғашқы түлектері де шараға қатысты. Білім мен тәрбие беруде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ұстаздарымен кездесті. Білім беру саласының үздіктері марапатталды. Сонымен қатар лицейдің материалдық базасын жарақтандыру мақсатында облыс әкімінің 10 миллион теңгелік сертификаты табысталды.
ИНТЕРШУМ: МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
СНХ: АСҚАР МАЖЫМОВ, БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Өте қатты қуанып отырмыз. Осы мектебіміз ең алғаш тәуелсіздік алғаннан бастап 30 жыл өзінің тарихын атқарып түлектер ретінде біздерді шақырды.Біз ең алғашқы түлектерміз 1998 жылы бітіргенбіз. Қай жерде жүрсекте мектебіміздің жетістіктеріне қуанамыз.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ