
ДК: Балабақша - білім мен тәрбие бастауы. Тәуелсіздіктің үш онжылдығында мектепке дейінгі білім беру саласына ерекше серпін берілді. Қайта жаңғырудан соң қаншама балабақша бой көтерді. Материалды - техникалық база нығайтылды. Ұзын - сонар кезек қысқарды. Нәтижесінде, балаларды біліммен қамту көрсеткіші 9,6 есеге ұлғайып, 98,7 процентке жетті. Облыс орталығы мен шалғайдағы ауылдарда да шағын орталықтар мен бөбекжайлар ашылды. Сондай нысандардың бірі - Целинаград ауданы, Софиевка ауылындағы «Жарқын-ай» балабақшасы.
ЖКС: Елорданың іргесінде орналасқан Софиевка ауылында үш жарым мыңнан астам тұрғын бар. Мұнда 1 мемлекеттік, 1 жекеменшік серіктестік аясында ашылған балабақша жұмыс істейді. «Жарқын ай» балабақшасы 78 орынға шақталып салынған. Мұнда барлығы 10 педагог еңбек етеді.
СНХ: ӘЛИЯ БАЛМАҒАМБЕТОВА, «ЖАРҚЫН АЙ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 2016 жылдан істеймін. Тәрбиеші болып бастадым. Біздегі тәрбиешілер өз ісінің нағыз мамандары. Хореограф, музыка мамандары бар. 2014 жылы күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда заман талабына сай жабдықталған. Балаларға барлық жағдай жасалған. Интерактивті тақта басқа да көрнекі құралдармен жұмыс істейміз.
ЖКС: Тәрбиешілер бүлдіршіндермен қызықты ойындар өткізіп, жан – жақты дамуына бар күшін салады. Сабақта түрлі әдістемелік нұсқауларды пайдаланады. Құммен сурет салу, Монтессори методикасын кеңінен қолданады.
СНХ: ВЕРА АБРАМУШИНА, ТӘРБИЕШІ: Менің еңбек өтілім 28 жыл. Негізі оқуды бітіргеннен кейін балабақшада жұмыс істеуді бастадым. Қазір ортаңғы топтың балаларына білім мен тәрбие беремін. Бүлдіршіндердің дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Жұмысым ұнайды. Жалақымыз да жақсы. Еліміз егемендік алғалы мектепке дейінгі білім беруге ерекше көңіл бөлінді.
ЖКС: Шыныменен, тәуелсіздіктің отыз жылдығында қаншама балабақша ашылды. Тәуелсіздік жемісі - Софиевка ауылындағы мектепке дейінгі білім беру мекемесі заманға сай жабдықталған. Бастысы - балғындардың тәлімді тәрбие алып, шығармашылықпен айналысуына барлық жағдай жасалыпты.
ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»