ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

20:19, 1 шілде 2022

ДК: "Аманат"партиясы Ақмола өңірлік филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде ұстаздардың еңбекақысын кешіктіру, жол картасын іске асыру, сондай-ақ сот актілері саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.

РКС: Облыс бойынша 21 мыңға тарта мұғалім еңбек етеді. Биыл облыс бойынша білім беру саласына бюджеттен 160 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Нормативтік жүктемені төмендетуге арналған бюджет қаражатының тапшылығы 11,5 млрд.теңгені құрады, оның 8 млрд. теңгеге жуығы — жергілікті бюджеттен бөлінуге тиісті еңбекақы  қоры.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ-ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 1 маусымнан бастап 19748 ұстаз еңбек демалысына  шықты. Республикалық бюджеттен демалыс және сауықтыруға берілетін жәрдемақы бойынша есептелген сома 14 млрд.427,3 млн. теңге. 28 маусымдағы жағдай бойынша 14 млрд.286,7 млн. теңге төленді. Қалған 206 миллион 700 мың теңгені 30 маусымға дейін төлеп бітіреміз. Маусым айында өңір ұстаздарына 8 млрд. 804 мың теңгеден астам еңбекақы есептеліп, 7 млрд. 300 мың теңгеге жуығы төленді. Қалған сома қазынашылық мекемесінде өңдеуде.

РКС : Жол саласына қатысты облыс бойынша 5 іс-шара жоспарланған. Облыстық маңызы бар  автомобиль жолының 50 шақырымына күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар 700 шақырым облыстық маңызы бар және 500 шақырым аудандық деңгейдегі жол орташа жөндеуден өткізілмек. Зеренді, Бұланды, Атбасар және Есіл аудандарында 4 автожол көпірінің құрылысы қолға алынды. "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде 77  ауылдың көшелері жөнделеді деген жоспар бар. Оның ұзындығы 423 шақырым. Жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайын қазіргіден де жақсарта түсу басты жоспар.  Облыстық автомобиль жолдары басқармасының мамандары тұрғындар тарапынан наразылықтың бар екенін де жасырмайды.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Мысалы үшін Нұр-Сұлтан қаласына жақын орналасқан елдімекендердің кешенді жоспары аясында әрине, арыз-шағымдар түседі. 2014-2015 жылдары жүзеге асырылған жобаларға қатысты жұмыстарды қайтадан жүргізу қажет. Өзінің аралық жөндеу мерзімі бар. Айқындалған ережелерге сәйкес. Орташа аралық жөндеу жұмысының мерзімі 5 жыл, ал қайта ажбыдқтау жұмыстарының уақыты 7 жыл.

РКС: Биыл жергілікті маңызы бар жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 60 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында жергілікті маңызы бар және облыстағы елдімекендердің көше-жол жүйелерінің 789 шақырым жолы жөнделді.

АЙНҰР ДҮЙСЕН, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар