ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЮДА

21:04, 15 қараша 2021

ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің магистранттары мен оқытушылары шетелдік профессорлардан дәріс алып, білім көкжиектерін кеңейтіп жатыр. Жыл басынан бері олар онлайн және офлайн форматта 13 шет ел профессорымен кездескен. Нәтижесінде, білімдерін шыңдап қана қоймай, өз мамандықтарының қыр-сырын, басқа мемлекеттерде жұмыстың қалай жүргізілетінін білді.

РКС: Көкшетау мемлекеттік университетінде 2024 жылға арналған интернациализация стратегиясы жұмыс істейді. Көздегені шетелдің танымал жоғары оқу орнымен әріптестікті нығайту.  Бұл мақсатқа Білім және ғылым министрлігі қаржылай қолдау білдіріп отыр. Нәтижесінде, тек биылғы жылдың өзінде көкшетаулық тәлімгерлер мен студенттер 4 шетелдік профессормен кездескен.

СНХ: ЖАЙЛАГҮЛ САҒЫНДЫҚОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫБіздің мұғалімдер – болашақтың педагогтары. Олар болашақ көшбасшылар. Олардың әрқайсының бойында заманауи педагог моделі болуы керек. Яғни, заманауи педагогтың бойында бәрімен тіл табыса алатын, басқаларды өзіне қаратып, ілестіре алатын қасиеттердің болуы маңызды. Сондықтан да, шет елдік профессорларды шақырамыз. Олармен өткен 2 апталық курстан кейін-ақ, біздің педагогтар мен студенттер керемет әсерлерімен бөлісіп, көп нәрсені үйренгендерін айтып жатады.

РКС: Шет елден арнайы шақыртылған профессорлардың бірі венгриялық Золтан Бузади. Будапешттің орталық Еуропалық университетінің тәлімгері. Экономика ғылымдарының докторы. Оның авторлық дәрісіне жоғарғы оқу орнының магистранттары мен докторанттары және Ш.Уәлиханов университетімен әріптестік орнатқан 7 компанияның қызметкерлері қатысады. Курс аяқталғаннан кейін педагогтарға сертификаттар беріледі.

СНХ: ЗОЛТАН БУЗАДИ,  БУДАПЕШТ ОРТАЛЫҚ ЕУРОПАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:  Университет педагогтарынан бөлек, менің курсыма «Тыныс», «Гормолзавод», «Алтын тау» сынды бірнеше жергілікті серіктестіктердің қызметкерлері қатысады. Менің мақсатым осы университеттің бизнес қауымдастықтағы және Ақмола облысындағы беделін арттыру.  Мені елдеріңізге, осы жоғары оқу орнына шақырғандарыңызға қуаныштымын. Әріптестік жемісті болады деген сенімдемін.

РКС: Университет өз қаражатына да шетел профессорларын шақырып, кездесулер ұйымдастырып тұрады. Мәселен, биыл оннан астам онлайн және офлайн кездесулер өткізіпті. Олар ауыл шаруашылығы, педагогика, бизнес мектебі, жоғары медицина сынды түрлі бағыттарды қамтыған. Жоғары оқу орнының басшылығы мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімде.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕРІК МАНАП «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...