ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

БІР АПТАДА 44 ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

19:48, 14 қазан 2021

ДИКТОР: Ақмола облысында «Автобус» республикалық жедел алдын алу шарасы аяқталды. Естеріңізге сала кетейік, 4-13 қазан аралығында Көкшетау қаласының жолдарында патрульдік полиция көліктері көбейіп, акция өткен болатын. Тәртіп сақшыларының жұмыс нәтижесі туралы толығырақ тілшіміздің бейнематериалында.

ЖКС:  Акцияның мақсаты – қоғамдық көлік жүргізушілерінің жолаушылар тасымалдау ережелерін сақтауын бақылау. Көлік құралдарын тізгіндеу мәдениетін арттыру. Алдын алу жұмыстары барысында қала автобустарының техникалық жағдайына да кезекті тексеру жүргізілді. Рейдке такси жүргізушілері де қатысты.

СНХ: БАЛҒАБЕК МҰСТАФИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ: Шара аясында Көкшетау қаласының полиция басқармасы 144 бұзушылықты тіркеді. Олардың 15-і ауыр бұзушылықтар болып саналады. Қалалық әкімшілік соттың шешімімен жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, такси жүргізушісінің мас күйінде көлік жүргізу жағдайы анықталды. Қалалық әкімшілік соттың шешімімен қалалық таксопарк қызметкері 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

ЖКС: Жедел алдын алу шараларын өткізу аясында Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Экология Департаментімен бірлесіп қоғамдық көліктерге рейд жүргізді. Түтіні будақтаған көліктерді тоқтатып, газ анализаторының көмегімен көліктің шығарындыларында ластаушы заттардың белгіленген көрсеткішке сәйкестігі тексерілді.

ИНТЕРШУМ: ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ШЫҒАРЫЛУЫН ӨЛШЕУ

ЖКС: Жол қателікті кешірмейді! Оқыс оқиғалар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің абайсыздығынан орын алатыны сөзсіз. Осындай жағдайлардың 50 процентінде жүргізушілер мен жолаушылар түрлі жарақат алады. Мәселен, өткен аптаның өзінде қалада 44 жол – көлік оқиғасы  тіркелген.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...