ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

БІР АУДАННЫҢ ТАРИХЫ....

20:03, 13 қазан 2021

ДИКТОР: Ақмола облысының Бұланды ауданы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Аудан ауыл шаруашылығындағы,  құрылыс салаласындағы, өнеркәсіп секторындағы көрсеткіштерімен танымал. Көпшілікке белгілі Макинск құс фабрикасы шығарылатын өнім көлемін 56 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл елімізге әкелетін құс еті импортының 30% - ын ауыстыруға мүмкіндік береді.

РКС: Бұланды ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда Қарағанды облысы Щучинск ауданының аумағы екіге бөлініп, орталығы Вознесенка ауылы болып, Макинск атауымен құрылған.  1936 жылдан бастап аудан Солтүстік Қазақстан облысының құрамына кірді. 1997 жылы Бұланды деп аталды. Ал 1999 жылдан бері Ақмола облысының құрамында.

СНХ: ЛӘЙЛӘ БАБАН, И.СКУРИДИНА АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ауданның орталығы алдымен Вознесенка ауылы болды. Содан кейін ол Макинск қаласына ауыстырылды, оған дейін ол Макинка станциясы болған. Уақыт өте келе қала мен аудан орталығы қарқынды дамыды. Сол себептен станция қала мәртебесін алды.  

РКС: Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде ауданда поршень сақиналары, май, нан, ағаш өңдеу зауыттары салынып, жұмыс істеуде. Аудан аумағы арқылы Алматы-Астана-Петропавл темір жолы және Астана-Көкшетау автомобиль жолы өтеді. 2018 жылы ауданда қуаттылығы жылына 120 мың тонна құс етін өндіретін Макинск құс фабрикасы іске қосылған болатын. Анатолий Шкарин Бұланды ауданында өмір бойы тұрады. Ол ауданның даму жолына куә болып отыр.

СНХ: АНАТОЛИЙ ШКАРИН-БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің Макинск қаласы 5 аралда орналасқан ауыл болған. Халықтың бір бөлігі ескі Макинкиден келді, прогресс осы жерден басталған еді. Әсіресе Ақмоладан Бурабайға, Көкшетауға дейін темір жол салына бастаған кезде дами бастады. Поршеньдік сақина зауыты біздің ауданға көшкен кезде де ауданымызда оң бетбұрыстар орын алды.

РКС: Қазіргі уақытта аймақта 36 мың тұрғын тұрады. Ауданның демографиясы жыл сайын өсіп келеді. Тәуелсіздік жылдары өңірде 2 балабақша мен 4 мектеп салынды.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...