ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА 10 ЖЫЛ

19:55, 29 қараша 2021

ДИКТОР: 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмыс істеп тұрғанына 10 жылдан асты. Елімізде колл орталықтар 2011 жылдың 29 қарашасынан бастап жүйелі түрде жемісті еңбек етіп келеді. Алғашқы бетте Нұр-Сұлтан қаласында ашылып, сол тұста 20 оператор ғана жұмыс істеген.  

РКС: Байланыс орталығы мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтарға кеңес береді,  мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттарға қатысты ақпараттарды ұсынады. Сондай-ақ орталық арқылы мемлекеттік органдардың азаматтармен байланысын нығайту да – осы орталықтың басты міндеттерінің бірі. 2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бірыңғай байланыс орталығы  Egov.kz порталына виртуалды консультант енгізді.

СНХ: БАУЫРЖАН ЕРІМБЕТОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:   Пандемия кезінде байланыс  орталықтарын құру туралы шешім қабылданды. Індеттің таралуына жол бермеу үшін байланыс орталықтары арқылы онлайн кеңес бере бастадық. Мұндай орталықтар Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында ашылды. Біз өзімізді жақсы жағымыздан көрсете білдік. Жақсы пікірлер айтылды. Осыдан кейін Ақмола облысында орталық құру туралы шешім қабылданды.

РКС: Бүгінгі күні байланыс орталықтарында 353 оператор жұмыс істейді, олар  мемлекеттік қызметтің 700-ге тарта түрін көрсетеді. 243 сервистік және ақпараттық-коммуникациялық қызмет бойынша да кеңес береді. Ал облыстық байланыс орталығында 50 адам жұмыс істейді. Солардың бірі- көпбалалы ана Бәтеш Бижанова. Ол осында орталық құрылған күннен бастап еңбек етеді.

СНХ: БӘТЕШ БИЖАНОВА, БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Ең бірінші, №2 бөлімде халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс жасадым. Осы бірыңғай байланыс орталығында жұмыс жасап жатқаныма алты ай болды. Жұмысым өзіме өте ұнайды.  Пандемия уақытында халыққа көп көмек көрсетіп жатырмыз. Электронды үкімет арқылы адамдар үйде отырып, өздеріне керек анықтамаларды алуға көмектесеміз.

РКС: 10 жыл ішінде бірыңғай байланыс орталығының операторлары 40 миллионнан  астам өтініш қабылдады. Сондай-ақ,орталық WSIS PROJECT PRIZES халықаралық байқауының жүлдегері, EN 15838 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификатының иегері. 2017 жылы Бірыңғай байланыс орталығы «Хрустальная гарнитура» халықаралық байқауының «мемлекеттік органдар мен тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы секторында халыққа қызмет көрсету бойынша үздік орталық» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...