ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН

17:26, 14 қаңтар 2022

ДК: Жастарды жұмыспен қамту - өзекті мәселе. Бұл туралы Мемлекет басшысы да өз мәлімдемесінде атап өтті. Былтырғы статистикаға жүгінсек аймақтағы жастар арасындағы жұмыссыздық 2,9 процентті құраған. Ал, жастар практикасына 472 адам жіберілген. Өз кәсібін ашып, тасын өрге домалатып жүрген жас кәсіпкерлермен әріптесім Абзал Азаматұлы кездесіп қайтты.

РКС: 19 жасар Камила Мырзабек өткен жылы колледжді бітіріп,  дизайн  маманы атанды. Еңбек өтілі жоқ ол «бірінші жұмыс орны» жобасына қатысуды жөн көрді. Қазір Көкшетаудағы сән үйінің бірінде мамандығы бойынша жұмыс істеуде. Жалақысын мемлекет төлейді. Президенттің тапсырмасымен билік еңбекақы ұлғаймақ.   

СНХ: КАМИЛА МЫРЗАБЕК ДИЗАЙНЕР:  Коллежд бітіргеннен кейінгі студенттерге, жастарға жұмысқа тұру қазіргі кезде қиын. Себебі еңбек өтілін сұрайды. Еңбек өтілі жоқ адамдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді осы бірінші жұмыс орны жобасы. Және де стаж жинауға өте үлкен зор көмек. 

РКС: Димаш Қоқышев болса, «жастар тәжірибесі» жобасының игілігін көрген. Оқу бітірген соң, осы бағдарлама арқылы мемлекеттік мекемеде жұмыс істеді. Биыл бұл жоба қатысушыларының да жалақысы өспек, «тәжірибе» өту уақыты да ұлғаяды.

СНХ: ДИМАШ ҚОҚЫШЕВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ: "Жастар тәжірибесі" жобасының мерзімі аяқталғаннан кейін осы мемлекеттік кірістер басқармасына жұмысқа қабылданды. Бұл - мемлекеттік қызмет. Өзіме ұнайды. "Жастар тәжірибесінде" алатын айлық көбейсе, оған қатысушылар да артады деп ойлаймын.

РКС: Кәсіпкерлікті бастау үшін берілетін қайтарымсыз грант соммасы екі есе ұлғайып, бір миллион 200 мың теңге болады. 500 мың теңге грант алып, сән орталығын ашқан Сәуле Омарова қаржының еселенуі үлкен қолдау дейді. Жастарды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырады. Ақмола облысында биыл 800 грант бөлу жоспарланған, оның 260-сы жастарға. 

СНХ: СӘУЛЕ ОМАРОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР////Алға қойған жоспардың іске асыруына мемлекеттік қолдаудан, қолдау тарапынан көмек алып, осы іске асырудан қорықпау керек. Себебі қазіргі таңда жас кәсіпкерлерге немесе жаңа кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетілуде. Бұл сомманың ұлғаюының өзі әрине үлкен жетістік. Бұл дегеніміз ірі көлемді бизнес идея, бизнес жоспарлардың іске асырға үлкен мүмкіндік. 

СНХ: АСЫЛ МОЛДИЯРОВА,  КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Халықты жұмыспен қамту орталығының көмегімен барлығы 2 218 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 141 адам мүмкіндігі шектеулі жандар. Көкшетау қаласының кәсіпорындарымен өнеркәсіп саласы, шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 2 675 жаңа жұмыс орны құрылды.

 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...