
ДК: Биыл студенттердің шәкіртақысы 20 процентке өседі. Бұл Мемлекет басшысының үкіметке міндеттеген тапсырмасы. Стипендияның ұлғайуы көкшетаулық белсенді жастардың білімге деген құлшынысын арттырып, алдағы арманына мотивация болмақ.
РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен студенттердің шәкіртақысын ұлғайтуы жастарды қуантты. Ерекше жаңалықты естіген Алина Әмірханова өз кәсібін мақтан етеді. Бүгінде ол Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің магистранты.
СНХ:АЛИНА ӘМІРХАНОВА, ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ: Қазіргі таңда көптеген студенттер оқумен бірге ақша табу үшін қосымша жұмыстар атқарып жүреді. Енді сол жастар қосымша жұмыстарын тастап оқуға, мән беріп степендияға ілінетін болса, болашағы үшін кемел жол ашылар еді. Сонымен қатар, шәкіртақының өскені студенттерге үлкен мотивация болды. Осындай қолдау көрсетіп жатқан ел Президентіне айтар алғысымыз шексіз.
РКС: Биыл бакалаврларда 206 магистранттар мен докторанттарда шәкіртақы 15%-ке артады. Мемлекет жастарды жоғары білім алуға осылайша ынталандыруды мақсат етіп міндеттеп отыр.
СНХ:НҰРЛАН МЕДЕТОВ, ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР: Қаржы мәселесі студенттер үшін өте өзекті. Әркім өзінің білімін жетілдіру мақсатында оқу керек деп ойлаймын. Соған сәйкес мемлекет те қолдау көрсетіп, міне, шәкіртақыны тағы да көбейтіп жатыр.
ИНФОГРАФИКА: Енді қыркүйектен бастап педагогикалық сала мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы алады. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың стипендиясы 195 000 теңгеге дейін өседі.
ГРАФИКА:
ЖОО СТУДЕНТТЕРІ
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА
ҚАЗІР:31423 БОЛАДЫ:36660
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТ БОЙЫНША ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕР
ҚАЗІР:50400 БОЛАДЫ 58800
МАГИСТРАНТТАР
ҚАЗІР:76950 БОЛАДЫ 89987
ДОКТОРАНТТАР
ҚАЗІР:172500 БОЛАДЫ 195500
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ