ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

«БІЗ АБАЙ ЖОЛЫНДАМЫЗ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

19:57, 29 қараша 2021

ДК: «Рухани Жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі өткізген «Біз Абай жолындамыз» байқауының марапаттау рәсімі өтті. Байқауға Шоқан Уәлиханов және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттерінің  студенттері қатысты.​ Қатысушылар «Абай жолы» роман-эпопеясының І-ІІ томдарын оқып шығып, «Құнанбай бейнесі немесе әке мектебі» тақырыбында эссе жазды.

РКС:   Байқауға қатысуға тілек білдірген 30-ға жуық  үміткер заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын оқып шығып эссе жазды. Байқаудың мақсаты «Абай жолы» романының жаппай оқылымын ұйымдастырып, жастар арасында Абайдың тарихи тұлғасын кеңінен танымал ету болды. Абайтанушы Біржан Қайыров жас эссешілердің ұсынған туындыларын талдап,байқау қорытындысын шығарды.

СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИЯРОВ, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ӨҢІРЛІК ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Тілдер оқыту орталығымен бірлесе отырып облыстық «Біз Абай жолындамыз» эссе байқауын өткіздік.Байқаудың мақсаты Абай жолы романың жаппай оқылымын ұйымдастырып,Абайдың тарихи тұлғасын кеңінен жастардың бойына сіңіру.Барлық эсселер тағайындалған қазылар алқасымен қаралды.

РКС: Тәжірибелі тілші-әдебиетші мамандардан құралған қазылар алқасының шешімімен мемлекеттік тілде жазылған эсселер арасында көзге түскен үміткер Ұлан Батырханұлының эссесі бірінші орынды иеленсе, тіл көркемдігімен өзгеден ерек көрінген Балнұр Исаева екінші, Жанель Лесбек үшінші орынды қанжығаға байлады.

СНХ: ҰЛАН БАТЫРХАНҰЛЫ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:   Байқауда Абайдың тұлғасын ашу керек болды. Өзіннің ойынды жеткізу керек. Эссенің мақсаты сол. Мен осы екі нәрсені  ұстараны ұштастыра отыра, өзімнің ойымды жеткізіп жазып шықтым.+скл+ 01:47Абай Құнанбайұлының өзінің жалпы ақындық қыры аша білдім. Сонымен қатар ол өзінің айналасына інілерін бауырларын жинай білді ғой. Үзеңгілес достарына мәселенің мақсатын айту барысында Шәкәрім Құдайбердіұлын ертті деген сияқты соның бәрін ашуға тырыстым. Және де ол қалай көрініс табатындығын Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын байланыстыру керек болды.

РКС: Байқау жеңімпаздарына облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі атынан құнды сыйлықтар тағайындалды. Жоба әлі де жалғасын тауып, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,  МАРАТ АХМЕТЖАНОВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...