ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

БІЗ БАТЫР ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ!

18:42, 19 қараша 2021

ДИКТОР:  Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында облыс бойынша түрлі мәдени-көпшілік шаралар өтіп жатыр. Ауған соғысы ардагерлерінің бастамасымен ұйымдастырылған «Біз батырларымыздың ұрпағымыз» атты іс-шара. Елдің болашақ қорғандарымен кездескен аға ұрпақ өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бүгінгі жастардың бойына сіңіруді мақсат ететіндерін айтады.   

РКС: Іс-шара Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің  әскери кафедрасында басталды.  Қатысушылар кафедра жұмысымен танысып, ауған соғысы ардагерлерімен өзара пікір алмасты. Әрі қарай әскери патриоттық клуб тәрбиеленушілері қорғаныс істері Департаменті алаңында сап түзеп, Қазақстан Республикасының әнұранын орындады.

СНХ: АҚДАУЛЕТ ӘЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Казахстан за годы независимости прошёл большой , но правильный путь. Наша государства имеет стабильную политическую направления. Мы имеем крепкую мобильную армию. Сегодня государства обучая вас в военно технической школе готовит мобилизационный  резерв. Который в случае необходимости будет использован как  в вооруженных конфликтах , так и устранения последствий чрезвычайных положений. Қазақстан тәуелсіздік жылдары әскери салада даңғыл жолдан өтті. Мемлекетіміздің саяси бағыты тұрақты. Біз әлеуетті әскер жасақтадық.  Бүгін мемлекет сіздерді әскери-техникалық мектептерде оқытып, жұмылдыру резервін дайындауда. Ол қажет болған жағдайда қарулы қақтығыстарға да, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатыса алады.

РКС: Салтанатты шарада клуб мүшелеріне құрмет көрсетіліп, әскери-патриоттық клубтың намысты, жігерлі, отансүйгіш жастарды тәрбиелеуде атқаратын рөлі зор екені айтылды. Жиында  әскери техникалық мектептің оқушылары, әскери кафедра студенттері және  әскери патриоттық клуб мүшелері белсенділік танытты.   

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ҚР ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақмола облысы ауған соғысының ардагерлері бүгінгі күні біздің еліміздегі жастарды тәрбиелеп, отанды сүюді насихаттайды. Ардагерлер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Батырларымыздың ұрпағымыз» атты іс-шара ұйымдастырды. Соғыс көрген ардагерлер өмірдің ащы, тұщысын жақсы біледі. Сондықтан да, еліміздің егемендігін қастерлейік.

РКС: Сондай-ақ, ерлердің Тәуелсіздік жолындағы ерен еңбегі еске алынып, рухты көтеретін патриоттық әндер шырқалды.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...