ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

БІЗ – ДЕНІ САУ ҰРПАҚПЫЗ

20:46, 24 маусым 2021

 

ДК: «Біз – дені сау ұрпақпыз». Дәл осындай атаумен облыс орталығында квест-ойын өтті. Бұл шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен нашақорлық және есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күніне орай ұйымдастырылып отыр.   Квест-ойынды облыстық жастар ресурстық орталығы мен полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бірлесіп өткізді.

РКС: Квест-ойынға мектеп оқушылары,  колледж студентері, волонтерлар мен белсенді жастардан құралған 7 топ қатысты.  Талап бойынша әр құрамада 3 адамнан болуы шарт. Басты мақсат – жастарды салауатты өмір салтына баулу, әрі, спортпен шұғылдану арқылы қоғамдағы  есірткіге тәуелділікті жою.

СНХ: ДИНАРА ШАҒДАРОВА, «АРНА» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ///аударма///Біз есірткіге қарсымыз! Тек салауатты өмір салтын ұстанамыз. Мұндай шаралардың жиі өткізілуі бізді қуантады.

РКС: Квест-ойын шартына сәйкес, командалар қызықты сұрақтарға жауап беріп, интеллектуалды ребустар, кроссвордтар шешуі тиіс болды. Әрбір топқа тапсырмалар жасырылған орындар белгіленген карта берілді. 

СНХ: МӘНСИЯ ЕСЕКЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///қаз///Жалпы квест ойыны барысында біздің қатысушылар тарихқа байланысты одан кейін салауатты өмір  салтын сақтауға байланысты әртүрлі сұрақтармен тапсырмаларды орындады. Жалпы бізде 9 орын белгіленген. Сол 9 орынды айналып, әр тапсырмаларды орындау керек. Соңғы финишқа ең бірінші келген команда жеңімпаз болып саналады.

РКС:  Қазіргі уақытта облыс бойынша 458 адам наркологиялық есепте тұр. Оның 310-ы инъекциялық есірткіні тұтынушылар, ал 42-і әйел адам.

СНХ: РӘЗИЯ ҚҰРСАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ///аударма///Жастар мен жасөспірімдердің есірткі өнімдерін тұтынуы өңір бойынша өзекті мәселе. Бұл ел үшін де, әлем үшін де ауқымды проблема. Біз осы бағытта түрлі алдын алу шараларын өткіземіз. Бұл іс-шаралар есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруда ықпалы зор. Біз әрдайым түрлі әдіс-тәсілдерді қарастырамыз.

РКС: Квест-ойында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының құрамасы жеңімпаз атанды. «Арна» жоғары колледжі студенттері екінші орынды еншілесе, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің білім алушылары үшінші орынды қанағат тұтты. Айта кетейік, аталған шара 26 маусымға дейін жалғасады.  

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...