ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

«БИЗНЕС БАСТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫ: 1326 АҚМОЛАЛЫҚ ӨЗ КӘСІБІН АШПАҚ

20:27, 22 шілде 2021

ДК: Биыл облыста 1326 адам өз кәсібін ашуды жоспарлап отыр. Олар «Бизнес бастау» жобасына қатысып, кәсіпкерліктің қыр сырын меңгерді. Ал бағдарлама аясында оқудың төрт жылы ішінде 8 мыңнан астамы курсқа қатысып, 4 мыңға жуығы өз ісін дөңгелетіп отыр. Бұл туралы жастарды қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды. Толығырақ тілші бейнематериалында.

ЖКС: Қоғамдық кеңес отырысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілуі тиіс екендігі айтылды. Айта кетейік, бұл бағытта биыл кәсіп ашуға ниетті 355 азаматқа 583 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді.

СНХ: ӘДІЛ ЖҰМАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі жиында біріншіден, «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды, оның ішінде жастарды «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. Екінші, ауылдық -  елдімекендермен, қалаларда шағын несиелер мен кепілдіктерді беру. Сондай-ақ, жаңа бизнес идеяларды, оның ішінде жастарға іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланады.

ЖКС: Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Бизнес Бастау» жобасының қатысушыларын шағын несиелендіруге 1 млн 543 мың теңге бөлінді. Бұл 386 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал алты айдың ішінде 151 ақмолалық 101,7 милллион теңгеге бизнесін бастап, тұрақты 153 жұмыс орнын ашты. Сондай-ақ, қазір тағы 105 адам кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруде. Жоспарға сай олардың 103-і шағын несиеге қол жеткізеді.  

СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Бұдан бөлек, кәсібін енді бастағандар үшін қосымша көмектер көрсетіледі. Олардың қатарында бизнес жоспар әзірлеу, заңгер кеңесі және  құжат жұмыстарын реттеу шаралары бар. Оқыту барысында тыңдаушылар таңдалған бағыттар бойынша бизнес-жоспарлар әзірлейді. Содан кейін Палатаның аудандық филиалдарының қызметкерлері мен бизнес-тренерлер бұл жобалардың жүзеге асуына толықтай қолдау көрсетеді.

ЖКС:Айта кетейік, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант кәсіпті дамытуға арналған несие емес. Бұл қаражатты өз кәсібін ашу мақсаттына пайдалану басты шарт болып табылады. Тиімділігі - оны қайтарудың қажеті жоқ.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...