ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ Толығырақ

«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

13:41, 11 қаңтар 2021

ДК: Қазақстанда өз ісін ашып, жұмысын жандандырам деген  кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілуде. Бұл мақсатқа «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 421 миллиард теңге қарастырылған. Жыл сайын қазақстандықтар өз мүмкіндікті пайдаланып,  ісін өрге домалатуды  көздейді. Оның қатарында  Ақмола облысының кәсіпкерлері де бар.

РКС: Щучинск-Бурабай курорттық аймағы-туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Қазақстандағы ең қолайлы аумақтардың бірі. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 4 миллиард теңгеге жуық 3 ірі жоба іске асырылды.

СНХ: АЗАМАТ БАЙМҰҚАНОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ//аударма///2020 жылы Қатаркөл көлінің жағалауындағы Аквапарк, Щучье көліндегі «Жеке батыр» шипажайы базасындағы «Сұлтан Плаза» 4 жұлдызды отелі сияқты ірі жобалар іске асырылды. Ал, осы жылы «Виндом Гарден Бурабай» жобасы жүзеге асырылады деп күтілуде.

РКС: «Бурабай Даму» компаниясы өңір үшін аса маңызды туристік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарға жауап береді. Өткен жылдың барлық кедергілерге қарамастан, курорттық аймақта үлкен жұмыс жасалды.

СНХ: ШЫҢҒЫС ОРАЗАЛИН, «БУРАБАЙ ДАМУ» КОМПАНИЯСЫ АУДАНДЫҚ МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ ///Рус/// «Визит орталығы» аумағында аттракциондар паркі, шолу дөңгелегі орнатылған. Оның  биіктігі 42 метр,  96 адамға шақталған. Абылай хан алаңында жаңа мультимедиялық кешен орнатылды. Батырлардың жеті ұжымдық қасиетін бейнелейтін «Батырлар» инсталяциясы дайындалды. Сондай-ақ, 150 метр биіктіктегі шолу дөңгелегіне көтерілгенде Бурабай сұлулығының көркем көрінісі ашылатын қарау алаңы орнатылған.

РКС: Өнімділік және бәсекеге қабілеттілік. Бұл «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының негізгі екі критерийі. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нақты жоспары бар адамдарға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Кәсіпкерлер өз жобаларын өзгермелі экономика жағдайында да жүзеге асыра алады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЗАРИНА ДИЮСЕКЕВА,  ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
15:04, 5 наурыз 2021
ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
Толығырақ...
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
15:02, 5 наурыз 2021
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
17:48, 26 ақпан 2021
МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...