ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

БЛОК-БЕКЕТТЕРДЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ ТАРАТЫЛДЫ

17:34, 12 қаңтар 2022

ДК: Блок-бекеттердегі қызметкерлерге ыстық тамақ таратылуда. Игі шараны Облыстық Науан Хазіреті мешіті ұйымдастырған. Осылайша, жергілікті дін өкілдері төтенше жағдай кезінде ел тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларына айырықша қолдау танытып отыр.

РКС:Қазіргі таңда облыс бойынша 13 блок-бекет қойлыған. Бұдан бөлек, қала ішінде бірнеше жерде арнайы күзет қойылған. Олар шағын шаһардың тыныштығын күзетуде. Бұл жұмысқа тәртіп сақшылары мен қатар жергілікті құтқарушылар да жұмылдырылған.

СНХ: ДӘУРЕНБЕК БАЗАРБАЙ, №2 КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ: Қазіргі төтенше жағдай кезінде бізде әртүрлі бекеттерді күзетіп тұрмыз. Сол балаларға күнделікте мешіттен осындай жылы тамақтар берілуде. Алғысымызды айтамыз.

СХН: КҮЛӘШ УӘЛИҚЫЗЫ, НАУАН ХАЗІРЕТ МЕШІТІНІҢ АСПАЗЫ:  Қазіргі қиын кезде ел тыныштығын сақтап, күзетіп жүрген  сарбаздар көп. Бізде соларға демеу болу мақсатында түскі және кешкі астарын дайындап беріп жатырмыз. Отанымыз тиыш болсын. Халқымыз аман болсын дегім келеді.

РКС: Елді сабырға шақырып, халықты тыныштандыру маңызды іс. Осы тұрғыда жергілікті дін өкілдеріде жүйелі жұмыс атқаруда. Айталық, олар төтенше жағдай режимі аяқталғанша дейін бекеттердегі сарбаздарды жылы тамақтан қамтамасыз етуді тоқтатпайтындарын жеткізді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕРІК МАНАП, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...