ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

«BMX» ВЕЛОСИПЕДТЕРІ - ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА ТРЕНДІНЕ АЙНАЛДЫ

19:57, 15 шілде 2021

 

ДИКТОР: Соңғы бірнеше жыл ішінде BMX самокаттары мен велосипедтері экстремалды-әуесқой жасөспірімдер арасында танымалдылықтың шыңына жетті. Спорттың осы түрін дамыту үшін Көкшетау қаласында заманауи үлгідегі жаңа скейт-парк жұмысын бастады. Толығырақ тілші материалында.

КСМ: Вячеслав Ткач – Бурабай колледжінің 2 курс студенті. Бірнеше жылдан бері трюктік велосипедпен айналысып келеді. Велосипетші BMX-ке  міну аса қауіпті болса да, бұл оны тоқтатпайтынын және  осы бағытты одан әрі дамытуды жоспарлап отырғанын айтты. Жас әуесқойлар қазірдің өзінде біршама жетістіктерге қол жеткізіп, басқаларға да осы өнердің қыр-сырын үйретіп жүрген көрінеді .

СНХ: ВЯЧЕСЛАВ ТКАЧ-ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Бізде ең бастысы ынта мен жігер болды. Бұл туралы ата-аналарымызға айтқанда олар қарсылық танытып,бұл істің өте қауіпті екенін алға тартты. Бірақ мен ештеңеге қарамастан, алға қойған мақсатқа жету жолын таңдадым. Осылайша  велосипет сатып алуға ақша жинауды шештім. Велосипетім пайда болғаннан кейін осы спорт түріне  қызығатын қатарластарымды кезіктірдім. Мен осы спорт түрімен айналысқанды ұнатамын. Әрине, жарақатсыз болмайды. Мен бірден  қауіпті трюктерді орындамауға  кеңес беремін. Нөлден яғни, ең қарапайым трюктерден бастап, қиынға көшкен әлде-қайда дұрыс.

КСМ: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы аталған бағыттың дамуына оң баға беріп отыр. Биыл әкімдікпен бірге Көкшетау қаласында BMX-алаңын салу жоспарда бар.

СНХ: ҚУАНЫШ ҚАРАУЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Біз BMX-паркін салуды жоспарлап отырмыз, оның аумағы  2 гектарға жуық. Паркте 3 жол кедергілері болады және қажетті жабдықтардың барлығы толығымен қамтылады. Қазақстан Республикасының BMX-паркін дамыту федерациясының өкілдері облыс әкімімен кездесіп үлгерді. Келіссөздер жүргізілуде.

КСМ: Ақмола облысы бойынша салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында 2020 жылдың басынан бері 39 мыңнан астам адамның қатысуымен 608 іс-шара өткізілген. Сондай-ақ, 7 ірі спорт нысанының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

КАМИЛА ӘБДЕЛМАНОВА, ЮЛИЯ ЛАГУТКИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...