ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

БОКСТАН А.САТЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР СӘТТІ ӨТТІ

18:26, 27 маусым 2022

ДК: Көкшетауда бірнеше күні бойы жерлесіміз КСРО спорт шебері, марқұм Асқар Сатыбаевты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы халықаралық сайыс мәресіне жетті. Бірнеше елден келген былғары қолғап шеберлері шаршы алаңда шеберлік көрсетіп, жанкүйерлердің көңілінен шықты.

РКС: Асқар Сатыбаев өңіріміздегі белгілі бокс бапкері Юрий Дергуновтің шәкірті. Кешегі Кеңес Одағы кезінде талай чемпионаттарында орта салмақта өнер көрсеткен спортшы. Осымен 13-ші мәрте марқұм Асқар Сатыбаевты еске алуға арналған турнир биік деңгейде өтті. Бірнеше жақын шетелдерден мықты боксшылар келіп, Көкшетау шаршы алаңында сыңға түсті.

ЕСТ.ШУМ

СТЕНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Финалға мықтылардың шығатыны белгілі............

СНХ: ӘЛИ РАҚЫМЖАН, ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ:  Мен жақсы спорт мектебінің түлегімін. Бірнеше жыл облыс құрамасының сапында сайысқа түсіп жүрмін. Асқар Сатыбаев турнирі ең мықтыларды жинады. Осалы жоқ. Солардың бірі жаңа ғана алтын медаль үшін бокстасқан Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Дархан Сапархан. Ол жас боксшы болса да тәжірбиесі мол. 3 раунд бойы менімен тең дәрежеде ойнады. Алайда соңғы минутта бірнеше соққыны жіберіп алды. сөйтіп мен жеңіске жеттім.

СНХ: ВИКТОР СОЛОГУБ, БОКС АРДАГЕРІ: Мен ересектер арасында ел чемпионатының намысын қорғап жүрген кезде Асқар 13-14 жасар болатын.Ол бокспен айналысқан күннен бастап бірден мамандардың көзіне түсті. Мінезі жігерлі, өте шапшаң спортшы еді. Ол қандай қарсылас бомасын қаймықпайтын. Кеңес Одағының талай жарыстарында Асқар жеңіске жетіп жүрді. Ол менің көз алдымда сол бейнесімен қалды...    

РКС: Ақтық кездесулер төрешілермен жанкүйерлердің көңілінен шықты. Атап айтқанда, 92 келіден жоғары салмақта сыңға түскен Қарағандылық Михаил Шкуровпен Нұр-Сұлтан қаласынан келген Сергей Рябченко арасындағы кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Елорда спортшысы Сатыбаев турнирінің жан-жақты дайындықпен келгенін дәлелдеді.

СНХ: СЕРГЕЙ РЯБЧЕНКО, ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ: Мен 2 кездесуді де мерзімінен бұрын аяқтадым. Жарыс алдында бапкерім әртүрлі тактикалық әдіс қолдануды жүктеген болатын. Соны тиянақты орындадым. Бұл турнирдің мен үшін де мәртебесі жоғары болды.

 
РКС: Бір қуанарлығы біздің жерлестеріміз Али Рақымжан, Шыңғыс Мусинов, Арман Қайратов және Виктор Литвинов турнир жеңіпаздары атанды. 

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...