ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

БОЛАШАҚ ЖАС МАМАНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

19:44, 30 қараша 2021

ДК: Көкшетаудағы №1 құрылыс-техникалық колледжінде «WorldSkills-2021» республикалық чемпионаты өтіп жатыр. Бұл сайыс 4-ші желтоқсанға дейін жалғасады. Еліміздің қос қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан және 12 облыстан үздік деп танылған 14 қатысушы бақтарын сынауда.  

РКС: Көрмеге студенттерн қолданбалы қолөнер, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты өз жұмыстарын қойыпты. Сонымен қатар ағаштан жасалған түрлі бұйымдар да көздің жауын алады.  

СНХ: МАРАТ ОМАРОВ, №1 КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің оқу орны бұл сайысқа 2015 жылдан бері қатысып келеді. Студенттеріміз аймақтық, республикалық, сонымен бірге халықаралық чемпионаттарға белсене қатысып жүр. Казань, Абу-Дабиге барып, құрылыс саласына қатысты өздерінің шеберліктерін көрсетіп қайтты.

СНХ: БАЛДЫРҒАН ҚҰСАЙЫНОВА, «WORLDSKILLS»  ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ: Біздің құзыреттілігімізге 6 модуль кіреді. Тұсқағаздарды жапсыру, есіктер орнату, қабырғаларды суретпен әрлеу, оны жылдамдыққа орындау, фристайл және сәндік жабынды 3 күн ішінде байқауға қатысушылар орындаулары қажет.  

РКС: Байқаудың соңында тәуелсіз сарапшылар өз қорытындыларын шығарады. Ал одан үздік шыққандар халықаралық деңгейде Қазақстанның намысын қорғайды.    

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЗАРИНА ЖҮНІСБЕКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...