ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

17:56, 13 қазан 2021

ДИКТОР: Жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Тәуелсіздік жылдарында жастарды мәдени құндылықтарға тарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жастар өкілдерінің өзара жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың наурыз айында "Жанғыру жолы"қозғалысы құрылды.

РКС: Жастар  қозғалысы құрылған күннен бастап барлық өңірлерден мыңдаған өреннің басын қосты. Әрбір облыс орталығында өңірлік штабтар құрылып, олардың  көшбасшылары тағайындалды.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ВЕБЕР- « ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: бұл қозғалыстың мақсаты - қала, ел жастарын дамыту, сондай-ақ мәдениетаралық қатынастарды қолдау. Ассамблеяда жастар ресурстық орталығымен, ішкі саясат басқармасымен, қаламыздың түрлі колледждерімен меморандумдар  бар.

РКС: "Жаңғыру жолы "қозғалысы - өңір жастары этностар арасындағы қарым-қатынастарды нығайту үшін өз идеяларын ұсына алатын орын. Мұнда "Step Up" еріктілер орталығы ашылды. Белсенділер мұқтаж жандарға көмек көрсету және тарихи рухани  құндылықтарды қалпына келтіру бойынша қоғамдық-бұқаралық іс-шараларға қатысады.

СНХ: ДІЛНАЗ ЕСЛЯМОВА – «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ: жыл қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жастар қозғалысы орталығы 46  іс-шара өткізді, жалпы сомасы 27 миллион 20 мың теңгеге көмек көрсетілді. 7 мың адам, 747 отбасы қамтылды. Сондай-ақ, 1 мыңға жуық медициналық маскалар таратылды.

РКС: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысы өкілдерінің Президенттік кадр резервіне алуды қарастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ олардың болашақта жауапты лауазымға тағайындалатын мүмкіндіктері бар.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...