ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

БОРАНДЫ КҮНДЕРІ ЖОЛҒА ШЫҚҚАН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

21:18, 17 қараша 2021

ДК: Ақмола облысында «Қыс-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Жиын барысында Азаматтық қорғау қызметтері басқару органдарының мамандары төтенше жағдайдың алдын-алу жұмыстарын пысықтады.

РКС: Командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары Ерейментау ауданында өтті. Бұл орын арнайы таңдалған. Өйткені жыл сайын қыста автомобиль жолдарында кептелістер болады. Екі күн ішінде құтқарушылар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында жедел штабтар құрылды.

ИНТЕРШУМ.

РКС: Жаттығуға 14 облыстық Азаматтық қорғау қызметінің жеке құрамындағы 308 адам және 133 техника қатыстырылды. Жалпы есепте  218 құрылым өнер көрсетті. Барлығы 39 тактикалық арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Оның барысында қатты боранның салдарын жоюға қатысты іс-қимылдар пысықталды.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Орталық қазандықтың жарылуы, электр беру желілеріндегі авария, теміржол көлігіндегі апат, республикалық және облыстық автомобиль магистральдарындағы кептелістер сияқты кіріспе жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, азаматтық қорғау қызметтері, атап айтқанда тамақтану, медициналық қамтамасыз ету, байланыс, энергетика қызметтері тексерілді.

РКС: Айта кетейік, өткен жылдың қысқы кезеңінде 550-ден астам адам құтқарылып, Жылыту бекеттеріне 817 адам орналастырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары облыс тұрғындарын қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет сағатында жүргізушілерге ауа райының қолайсыз күндері жолға шыққаны үшін айыппұл салынатынын атап өтті. Бұл мәселе әлі қаралып жатыр.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...