ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫҢ «ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІ МУЗЕЙГЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

17:15, 22 маусым 2022

ДК: Ерлікпен қаза тапқан ішкі қызмет подполковнигі – Ботагөз Бижанованың өмірден өткеніне 21 жыл. Бірнеше жыл облыстық полиция департаменті жанындағы госпитальді басқарған. 2001 жылы қанішерлердің қолынан қаза тапты. 2019 жылы марқұмның қызмет бабындағы қайсарлығы еленіп, «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасы берілген. Бүгін марқұмның қызы анасының «Ерлігі үшін» медалін полиция департаментінің музейіне тапсырды.

РКС: Ботагөз Бижанова 1961 жылы 18-шілдеде Целиноград облысы, Есіл қаласында дүниеге келген. 1978-1985 жылдар аралығында Қарағанды медициналық институтының «Емдеу ісі» мамандығын алып шыққан. Алғашқы еңбек жолын қалалық емханадан бастаған. Қарағанды қаласында өмірлік серігін жолықтырып, шаңырақ көтерген.

СНХ: ЕРАЛЫ БИЖАНОВ, БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫҢ ЖҰБАЙЫ:  Ботагөз өз жұмысына берік болатын. Оқу бітіргеннен бастап учаскелік дәрігер болып қызмет етті. Одан кейін көп жылдар бойы Арқалықта емші болып істеді. ///01:11/// Ботагөзге бәрі құрметпен қарап сыйлап, марапаттап жүретін. ///01:37///  Жақсы жағынан көрінді әрқашанда марқұм. ///03:03/// Ұмытпаймыз, әр қашанда есімізде мақтан тұтамыз.

 

РКС: Ботагөз Бижанова тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Ішкі Істер Департаментінің арнайы емханаларында еңбек етті. 1999 жылы Ақмола облыстық ішкі істер департаментіне қызметін ауыстырады. Араға екі жыл салып, өзі басшылық еткен госпитальдің бухгалтериясынан ақша жымқырылғанын анықтайды. Сөйтіп, мекеменің есепшісі 28 маусымда Ботагөз Мағазқызын өлтіруге тапсырыс берген. Ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, өкінішке орай тілге келмей, жан тапсырады. 2019 жылы марқұм «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында марқұмның соңында қалған жалғыз қызы  Динара Мәкенова анасының мемлекеттік наградасын өзі еңбек еткен мекеменің музейіне  табыстауды ұйғарыпты.  

 

СНХ: ДИНАРА МӘКЕНОВА, БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫҢ ҚЫЗЫ: Сегодня особенный день для нашей семьи, для меня. +скл+Благодарим департамент полиции Акмолинской области за память о нашей маме, за уголок в музее посвященный нашей маме. Думаю, самое достойное место для маминой медали именно здесь. Моя мама очень любила свою работу, по этому думаю места медали тут где она сама работала. Пользуясь моментом, хочу поздравить сотрудников Департамента полиции с Днем полиции./// Бүгін біздің отбасымыз үшін, мен үшін ерекше күн. Ақмола облыстық полиция департаменті анамызды еске алғаны үшін, анамызға арнап жасақталған мұражайдағы бұрыш үшін алғыс білдіреміз. Анамның  медалінің ең лайықты орны дәл осы жерде деп ойлаймын. Ол  жұмысын жақсы көретін және өзі еңбек еткен жерде медалі тұруы керек деп санаймын. Осы сәтті пайдалана отырып, мен полиция департаментінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен  құттықтағым келеді.

 

РКС: Қайсар қыздың есімі Көкшетау қаласында ашылған полицейлердің Даңқ аллеясында да алтын әріппен жазылған.

 

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, РАХАТ ЖҰМАБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ  ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
19:25, 27 маусым 2022
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ  ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
19:09, 27 маусым 2022
2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
17:45, 24 маусым 2022
ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
Толығырақ...
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
21:09, 21 маусым 2022
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
Толығырақ...