
ДИКТОР: Бүгін Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханұлының туғанына 155 жыл. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана екенін айтып кеткен. Кең байтақ қазақ даласын дүр сілкіндірген 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен кейін «оян, қазақ» деп атой салған алаш ардақтылары партия құрып, үкімет орнатты. Әлихан Бөкейханов сынды тұлғаны көшбасшы деп таныды.
РКС: Бүгін – соңғы демі үзілгенше, қазаққа қалтқысыз қызмет еткен Әлихан Бөкейхан дүниеге келген күн. Әлихан Нұрмұхамедұлы – даңқты қоғам және мемлекет қайраткері. Ол «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының идеялық негізін қалаушы әрі жетекшісі, қазақтың «Алаш» атты тұңғыш саяси партиясының төрағасы болды. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – алаштықтар мен оның көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлының асқақ арман еді.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:///Әлихан Бөкейхан –рухани ұлы көшбасшы. Біздің руханиятымыздың, қоғамымыздың ХХ ғасыр басындағы ұлт көсемі. Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси істері ерте басталған. 1917 жылғы Алашорда сьезінде Алашорда үкіметі құрылып, төрағасы болды. Қазіргі тілмен айтсақ, президенті деп айтуға болады. Алаш партиясы, оның басындағы Әлихан Бөкейхановтар батыстың либералдық, демократиялық-ұлттық мемлекет құрғысы келді. Конституциясы да бар. Әлихан Бөкейхановтың сол идеясы қазіргі тәуелсіз Қазақстанда орындалып жатқанын байқаймыз.
СТЕНДАП: БАҚЫТЖАН ОТАРБАЕВА, ТІЛШІ: ///«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын». Бұл – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның өмірлік ұстанымы еді. Саналы ғұмырын ұлтына арнаған, ұлттық-демократиялық мемлекет құру идеясы үшін атылған Әлихан Бөкейхановты қала тұрғындары тани ме екен? Эксперимент жүргізіп көрмекпіз.
ЕСТЕСТВЕННЫЙ ШУМ: СУРЕТТЕГІ КІМ? ТАНИСЫЗДАР МА?
БЛИЦ:
+ Бұл – Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясын құрушы, қоғам қайраткері, ғұлама қайраткер.
+ Ресейдегі мемлекеттік думаға депутаттыққа сайланған. Қоғамға, Алашқа пайдасы тиген. Қазақты осы кісі арқылы тануға болады.
+ Әлихан Бөкейханов – Алашорда автономиясының төрағасы.
+ Ғалым, аудармашы.
РКС: Кешегі алаштықтардың, оның көшбасшысының идеясы – бүгінгі тәуелсіз қазақ жастарына бағыт-бағдар берер темірқазық жұлдызы іспеттес...
БАҚЫТЖАН ОТАРБАЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ