
ДК: Облыс әкімі Шортанды ауданының тұрғындарын жеке мәселесімен қабылдады. Кездесуде жергілікті бұқара өңір басшысына өз сауалдарын жолдап, жауап алды. 2 сағатқа созылған жиында жол, ауыз су сынды әлеуметтік мәселелер талқыланды.
РКС: Әкіммен кездесуге келген жандардың дені ауыл тұрғындары. Олар ең алдымен жауыр болған жер мәселесін көтерді.
ЕСТ.ШУМ: Мемлекет жол құрылысына ерекше көңіл бөліп отыр. Облыс, аудандарда ауқымды жобалар жүзеге асуда. Бірақ шағын ауылдар көбіне осы жобаларға қатыса алмай қалып жатады. Мысалға біздің Новоселовка, Новопервомайка ауылдары. Біздің жолдарға жөндеу керек. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылады?
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз осы жылы Ключи ауылының жолына 202 млн.теңге бөлдік. Жолымбек, Шортанды, Приградныйдың жолдарына орташа жөндеу жүргізілмек. Оған 1 млрд. 300 млн.теңге бағытталмақ. Петровка ауылының ішкі жолдарын жаңартуға 20 млн.теңге, Андревка 20 млн.теңге, Бозайғыр ауылына 75 млн.теңге бөлінді. Новокубанка және Новоселовка ауылдарына 10 млн.теңгеден қарастырып отырмыз.
РКС: Ел – болағы жастар. Сондықтан жастардың арыз-шағымын ескеру маңызды. Бұл туралы жиында өңір басшысы атап өтті. Әкіммен кездесуге келген Шортандылық жастар жұмыссыздық мәселесін жеткізді.
СНХ: НҰРБАХЫТ КЕНЖЕБАЙ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен 2019 жылдан бері аудан әкіміне, білім бөліміне жүгіндім. Бірақ жұмысқа кіре алмай жүрмін. Менің олымда тәрбиешінің дипломы бар. Жұмыс жоқ. Қазір больницада санитарка болып жұмыс істеп жүрмін.
ЕСТ.ШУМ//// Мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 10 жыл үй алмадым. Қазір менде 3 бала бар. Пәтер жалдап келем.
РКС: Осы сауалдарға қатысты облыс әкімі аудан басшысына бірқатар тапсырмалар берді. Өзі де бақылауда ұстайтындығын айтты. Ал, кездесуден соң Ермек Маржықпаев аудан орталығындағы бірқатар нысанның құрылысымен танысты.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»