
ДИКТОР: Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов Нұр Отан партиясы алаңында азаматтарды қабылдады. Тұрғындар еңбекақының төмендігі, төленбеген жалақы, жер дауы сынды жеке мәселелерін көтерді.
РКС: Айбол Молдабеков жанындағы 4 жігітпен бірге 2019 жылы Жасыл станциясынан Щучинск қаласына дейінгі 1 шақырым темір жолды жөндеген. Тапсырыс беруші Жасыл элеватор серіктестігі 70 күнгі еңбегі үшін 5 жұмысшыға 1,5 млн теңге төлеуі тиіс болған. Алайда қолдарында келісім-шарты жоқ жігіттер нәпақаларын әлі ала алмай жүр.
СНХ: АЙБОЛ МОЛДАБЕКОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: ТОО «Жасылский ХПП» элеватор Рахметов Бейсен Қабдешович егесі. Сол кісі бізге ақымызды төлемей кетті. + 01:46 Сотқа берген жоқпыз. Өйткені ол звондап сұрағанда, күте тұрыңдаршы – күте тұрыңдаршы деп міне осыншама уақыт өтіп кетті. Бір жағынан, біз жай жұмысшымыз ғой. Тиісті құжаттар біздің директорымызда еді. Ол кісі қайтіп кетті. Сондықтан сотқа беретін бізде қағаз жоқ.
СНХ: ҒАЛЫМЖАН ӘБДІХАЛЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 3 жылдан асып, 4-ші жылға кеткен дүние ғой. Мен сөйлесем. Бірақ осы уақытқа дейін сотқа беру керек еді. Бұл сіздердің еңбектеніп тапқан ақшаларыңыз ғой. Жақсы, мен ол кісімен сөйлесейін. Ол кісіні танымаймын да. + Бірақ қазіргідей ашық заманда ешкімді аямай, уақытнда сотқа берген дұрыс еді.
РКС: Облыс әкімінің орынбасарынан көмек сұраған азаматтың бірі – Ерсұлтан Жақанов. Жас фермер ауыл шаруашылығын автоматтандырумен айналысады. Инновациялық жобасына қолдау сұраған жас жігітпен ғалымдар өзара пікір алмасып, кеңес өткізетін болды.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ