ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«БУРАБАЙ-2022»: ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚТАН ЖАРЫС

20:04, 20 маусым 2022

ДК: Демалыс күндері Бурабайда желкенді қайықтан жарыс өтті. Биыл оған 6 ята қатысты. Жарыс Қазақстан мен Ресейдің үздік желкенді қайықшылары арасында өтті.

 РКС: Жарысқа Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Ресейдің Екатеринбург, Омбы қалаларынан командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Олардың бұл сайысқа алғашқы қатысуы емес. Жылдамдық, желдің күші мен жарысқа деген құлшыныс қайықшылардың бағын анықтайды.

СНХ: КОМАНДА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ, / ЕКАТЕРИНБУРГ қ./Жыл сайын осы сайысты асыға күтеміз. Арнайы Екатеринбургтен келдік. Сонымен қатар Омбыдан да командалар жиі жиналады. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. Қайта–қайта келе бергің келеді.

РКС: Спортшылар «Микро» және «желкенді катамаран» класты желкенді қайықпен жарысты. Ақмола облысында спорттың бұл түрі соңғы жылдары белсенді дамып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара қайықшылар қауымдастығын ұлғайтуға және жарысқа ерекше назар аударуға мүмкіндік береді.

СНХ:ШЫНАРБЕК БАТЫРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ, ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі таңда ұлттық парк аумағында, оның су қоймаларында моторлы көлік құралдарына тыйым салынған. Сондықтан біз күн жел болғанда желкенді қайықтарды суға жібереміз және олар өздігінен су бетіне ерекше сән береді. Біз «Бурабай – 2022» алтыншы желкенді қайық жарысын ашық деп жарияладық. Оған өз елімізбен қатар көршілес мемлекеттердің желкенді қайықшылары қатысып жатыр.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша Екатеринбургтен келген «Дважды спасибо» командасы  жеңімпаз атанды. Екінші орынды Омбы қаласынан келген «Мечта», үшінші жүлдені Екатеринбург қаласы желкенді қайықшыларының «Каролина» командасы еншіледі.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...