ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

БУРАБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

19:23, 9 маусым 2022

ДК: Шучинск қаласында 4 көппәтерлі үйдің құрылысы басталды. Оған облыстық қазынадан 1,7 млрд.теңге бөлінген. Бұл 180 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алайда проблемалық мәселелер де бар.  Ауыз су,жолға  қатысты түйткілдер тез арада шешуді қажет етеді. Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев ілкімді жобаларға тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

РКС: Соңғы жылдары мұндағы мал басы артып, төрт түлігін түлеткен шаруалар қатары көбейген. Сәйкесінше өнім көлемі де артқан. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көрсеткіштері бойынша Бурабай ауданы үздік бестікке енді. Егіс алқабы 500 гектарға ұлғайтылып, 174,4 мың гектарға жеткен.

СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  Мал шаруашылығы саласындағы жоспарлы жұмыстар мал басын жалпы 4,1% - ға арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде ет пен сүт өндірісінің өсуі қамтамасыз етілді. Етті мал шаруашылығы бойынша 8 жоба іске асырылды.300 басқа арналған сүт-тауар фермаларын құру үшін 2 жобаны іске асыру жоспарлануда.

 РКС: Ауданда бүгінгі таңда 5131 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Онда 1574 жаңа жұмыс орны ашылған. Жыл басынан бері ауданға 21,8 млрд.теңге сомасында инвестиция тартылған. Сонымен қатар өткір тұрған мәселенің бірі жолдарды жөндеу. Биыл осы мақсатқа 2 млрд. 169 млн. теңге қаражат  бөлінген.

СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бурабай-Қатаркөл, Сарыбұлақ ауылына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары жалғастырылатын болады. Щучинск-Николаевка бағытында жұмыстар жоспарланған.+скл+ 08:40 Сегіз ауылдың жолдарын орташа жөндеу бойынша он төрт жобалық сметалық құжаттама әзірленді.

РКС: Бурабай ауданындағы білім ошақтарының 60 проценті жөндеуді қажет етеді. Сол себепті ауданда жыл сайын мектептерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл үш ауылдық білім ошағы күрделі жөндеуден өтпек.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ
 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...