ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

БУРАБАЙ КҮЙ МЕКТЕБІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ОЛИМПТЫ БАҒЫНДЫРУҒА НИЕТТІ

19:06, 3 маусым 2022

ДК: 6000 жылдық тарихы бар музыкалық аспап. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Қазақтың ең танымал қос ішекті музыкалық аспабы - домбыраға деген қызығушылық жыл санап артып келеді. Балалар жылы аясында ашылған мектепке 20-дан аса бала келіп, үйреніп жүр.

РКС:Бұл мектепте домбыра ойнауды әліпбиінен бастап үйренуге болады. Оқытудың заманауи цифрлық форматы балаға аспаптық музыка әлеміне толықтай енуге мүмкіндік бермек. Міндетті білім беру бағдарламасына Құрманғазының, Дина Нұрпейісованың танымал шығармалары және халық композициялары енген.

ИНТЕРШУМ: Домбыра

РКС:Сабақтың ұзақтығы - 60 минут, форматы дәстүрлі емес. 16 жылдық еңбек өтілі бар оқытушы Риза Сатыбалдинованың авторлық әдістемесі және күйлерді үйрететін өзіндік әдісі бар. Мысалы, Құрманғазының «Сарыарқасы» күрделі күйлердің бірі. Оны  бүлдіршіндер бар болғаны 2 ай ішінде меңгеріп алған.

СНХ: РИЗА САТЫБАЛДИНОВА, БУРАБАЙ КҮЙ МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Мен балаларды бірнеше әдістерге үйретемін. Біріншісін музыкалық білімі бар барлық мамандар біледі – бұл ноталар бойынша оқыту. Келесі-сандық жүйеде оқыту әдісі. Ноталарды электронды форматқа көшіру, интерактивті модельдерді қолдану арқылы оқыту. Қазір мұндай жүйе көптеген музыкалық мектептерде қолданылады.

РКС:Мектепте сабақ тегін өткізіледі. Тек балалардың ынтасы болса болғаны.  Алдияр Қаматаев домбыра техникасын шыңдаушылардың бірі. Ол алғаш рет 7 жасында домбыраны қолына алды. Бүгінгі таңда мұғалім оның аспапты меңгеру деңгейін консерваторияны бітірген музыканттарға теңестіреді.

СНХ: АЛДИЯР ҚАМАТАЕВ, БУРАБАЙ КҮЙ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Домбырағабала кезімнен қатты қызықтым. Оның тек 2 ішегі бар. Бірақ түрлі күйлерді орындауға  болады. Болашақта мен танымал әнші болғым келеді, өмірімді музыкамен байланыстырамын. Дина Нұрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлы сияқты танымал  болғым келеді.

РКС:Домбыра күні елімізде 2018 жылдан бері аталып келеді. Айта кетейік, Ақмола облысында домбыраға қойылған  ескерткіш бар. Ол 2019 жылы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ драма театрының жанында орнатылған. Бұл республикадағы ең биік монументалды домбыра стэласы. Оның биіктігі 11 метр.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, АЙГЕРИМ БЕГЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АМИР ҚОЙШЫБАЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...