ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

БУРАБАЙДА 45 ПӘТЕРЛІ 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

20:37, 10 қараша 2021

ДК: Бурабай ауданында 5 мың 138 шағын кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 3 миллард теңгеге жуық 3 жоба іске асырылған. Бұл жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына айтарлықтай әсер етіп отыр. Ауданның экономикалық даму-деңгейін тілшіміз Жансұлу Жиенқұл баяндайды.

РКС: Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі артқан. Жыл басынан бері  ауданға 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылған. Құрылыс жұмыстары да қарқынды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл нәтижелер 10 процентке жоғары.

СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы 13 мың 452 шаршы метрді құрады. Щучинск қаласында әрқайсысы 45 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы басталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 359 миллионтеңге бөлінді. Сонымен қатар Бурабай ауданындағы жолдардың құрылыс-жөндеу жұмыстарына 4,2 млрд теңге бөлінді. Ауылдық округтер бойынша 13 елді мекенде 39 көшенің жолы жөнделді.

РКС: ИНФОГРАФИКА: Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 42 миллиард теңгені құрады. Ауданда егін жинау науқаны 100 процентке орындалды. 125 мың гектар алқапта орташа өнімділік 11 центнерге жеткен.

ГРАФИКА:

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ – 42 МЛРД. ТЕҢГЕ

ЕГІН НАУҚАНЫ – 100 %

125 МЫҢ ГА – 11 ЦЕНТНЕР

СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:Ауданда ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл 197 басқа арналған 3 сүт фермасы ашылды.  31 мың 935 тонна сүт  сатылды. 43 млн. 856 мың дана жұмыртқа өндірдік.

РКС: Аудан экономикасының басым бағыттарының бірі туризм болғандықтан, саланы дамытуға зор көңіл бөлініп отыр,-дейді аудан әкімі. Айтуынша, туристік бағытта 8 мың адамды қамтитын 178 нысан жыл бойы қызмет көрсетуге сақадай-сай.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...