ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

БУРАБАЙҒА ЖЫЛУ КЕШ КЕЛДІ

20:54, 5 қараша 2021

ДИКТОР: Жылыту маусымына Бурабай ауданы біршама уақыт кешігіп кірді.  Биыл ғана №1 орталық қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізілгенімен дәл уақытында тиісті деңгейде жылу таратылмаған. Советская көшесі мен Зеленый бор ауылы тұрғындарының наразылығын  ескерген облыс әкімі қазандық жұмысын тексеруге арнайы барды.

РКС: Щучинск қаласындағы №1 қазандық 1971 жылы қолданысқа берілген. Қуаты – 55,1 МВт. Желінің ұзақтығы – 17,8 шақырым. Биыл мұнда ағымдағы жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен 429 млн. теңге жұмсалған.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бурабай бойынша жылу неге кеш берілді? Жылыту маусымына неге дайын болмадыңыздар?

СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз 28, 29-шы қазанға қарай қосылдық.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Кеш. Советская көшесі тіпті 5-10 қазанда әрең қосылды ғой. + 03:11 Біз 20 - қыркүйектен бастап жылу таратамыз деп хабарладық. Солай ма? Бірақ сіздер 25-нен кейін бастадыңыздар. +03:42 Адамдарға жылу бірінші кезекте маңызды. Судың жоқтығы, жолдың сапасына уақытша төзуге болар. Бірақ жылу – өмір сүру  сапасының басты көрсеткіші. Біз облыстық бюджеттен қаншама қаржы бөлеміз. Ал кері байланыстарыңыздың түрі мынау.

РКС: Аудан әкімі Әсет Мұздыбаев  Зеленый Бор ауылына жылуды 2 күн ғана кеш бердік, - деп ақталды. Себебі – жүйеден ақау кеткен. Қазір барлық кемшіліктер реттелді, - дейді. Айта кету керек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша қазандықтың биыл негізгі техникалары жаңартылыпты.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...