ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

БЫЛТЫР 100-ГЕ ТАРТА ҚАНДАС ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

20:07, 30 шілде 2021

ДК: Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәйкес көші-қон саясатын жүргізуге белсенді түрде кірісті. Ең алдымен, ұлттық бірігу және шетелде тұратын этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтару үшін көші-қон саясатын басқару жүйесін жетілдіру қарастырылды. Соған орай 1992 жылы маусымда "Иммиграция туралы" заң қабылданды. Онда қандастардың тәуелсіз елге көшуінің құқықтық негіздері реттелді.

РКС: Бейғабыл Дәулетбек-этникалық қазақ. Қазақстанға 2014 жылы көшіп келді. Алғашқы бетте Нұр-Сұлтанда тұрып, кейін Көкшетауға көшті. Бүгінгі таңда осы жерде Қытай медициналық орталығын ашқан. Отбасым – басты байлығым деп есептейді.

СНХ: БЕЙҒАБЫЛ ДӘУЛЕТБЕК, ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ: Ұрпағымыз өзге ұлт болып кетпесін, ұрпағымыз қазақ болсын деп, жұмыстың барлығын тастап, ұлтымызды сақтап қалу үшін, осында келдік. Қазақстанға келген кезде бір балам бар, кейін бір ұлды болдым Қазақстанға келіп. //скл// Біз осында келген кезде квота беруді тоқтатқан екен. Азаматтық алған кезде ықтияр хат дейді ғой, азаматтық алған кезде де қиындықтар болды, тіл білмегендіктен. Казақта сөз бар ғой: өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деп. Аллаға шүкір!

РКС: Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының Ақмола облысындағы Отандастар қоры Отанына оралған қандастарды орналастыру мәселелерімен айналысады. Қазір аймақта олардың 40 мыңы тұрады.

СНХ: АЛТЫНГҮЛ МӘДЕН, ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ОТАНДАСТАР ҚОРЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының 5-ші құрылтайы болды 2017 жылы, сол кезде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының жұмысын жандандыру, қандастарды қолдау үшін отандастар қорын құруды тапсырды. Қордың құрылғанына биыл міне 3 жыл. Мемлекеттің арнайы 5 облысқа бөлінген арнайы ішкі және сыртқы көші-қон  квотасы бар. //скл// жан басына көшіп келу қаражаты бұрын 75 500 тенге болған, қазір 94 500 теңгеге өсірді. Үйді жалға алып тұруға бір жылдық субсидия бөлінеді, 45 000 тенгеден.

РКС: Қор жетекшісінің айтуынша, 5 миллионнан астам қазақ шетелде. Оның 3 миллионы Қытайда тұрады. Өткен жылдың басында Моңғолиядан Ақмола облысына 78 отбасы көшіп келді. Сонымен қатар, 12 отбасы Ерейментау ауданына Қытайдан қоныс аударды. Осылайша, жыл сайын келіп жатқан қандастар саны өсуде.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, КАМШАТ ТӘКИІШЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...