ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

БЫЛТЫР ОБЛЫСТА 5 МЛРД.ТЕҢГЕ ИГЕРІЛМЕГЕН

18:12, 13 қаңтар 2022

ДК: Өткен жылы облыста 5 млрд.теңге игерілмей қалған. Көш басында білім басқармасы тұр. Оған бірнеше білім ошағыдағы құрылыстыың тұралап қалғаны себеп. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев тиісті мәселені осы жылы шешуді тапсырды. Сондай-ақ, осы өткен жылды қорытындылап, осы жылдың жоспарын бекітті. Әкімдіктегі жиынға әріптесім Абзал Азаматұлы да қатысып қайтты.

РКС: Ақмола – астықты өлке. Жыл сайын өңір диқандары қамбаға миллион тонналап астық құяды. Бірақ, былтырғы құрғақшылық біраз шаруаның қолын байлады. Ал, биылғы жоспар қандай боламақ? Осы жылы аграрлы аймақ 5,2 млн.гектар алқапқа дән сіңіруді жоспарлап отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда 45 мың гектарға артық. Сәйкесінше, бөлінген қаржы да 2 есеге өскен. Биыл көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 25.млрд.теңге бағытталмақ. Ал, бөлінген қаржыны уақытылы игеру маңызды іс.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:   2021 жылғы бюджет 425,7 млрд. теңгені құрады.  Ол 98 процентке игерілді.  Өкінішке орай 5,4 млрд. теңге игерілмей қалды.  Оның ішінде білім басқармасы 627 млн.теңге,  құрылыс басқармасы 225 млн. теңге, Целиноград ауданы 1,1 млрд. теңге, Жақсы ауданы– 738 млн. теңге, Көкшетау қаласы – 394 млн, Бурабай – 355 млн. теңгені игерілмеген.

(бюджет 2021 года составил 425,7 млрд. тенге, который был освоен на 98,7% (8 место по РК), неосвоенными осталось 5,4 млрд. тенге, из них наибольшая сумма по управлению образования – 627 млн. тенге, по управлению строительства 225 млн тенге, 1,1 млрд. тенге по Целиноградскому району, Жаксынским районом – 738 млн. тенге, город Кокшетау – не освоено  394 млн.тенге, Бурабайский – 355 млн. тенге)

РКС: Иә, былтырғы құрылыс қарқыны көңіл көншітпейді. Сол себепті Ермек Маржықпаев облыстық құрылыс басқармасының жұмысын қатаң сынға алды. Бұдан бөлек, өңір басшысы аймақтағы қауіпсіздік шараларын әлі де бақылауда ұстады. Президент атап өткен қаралы қаңтар оқиғасына қатысты өзінің пікірін білдірді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМ:   Елде  әлі де болса төтенше жағдай режимі сақталуда. Бұл  Еліміздің 30 жылдық тарихында қаралы кезең болып қалады.  Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында  одан да өтеміз, алайда  ол біздің есімізде  мәңгілік сақталады.

( В стране по-прежнему сохраняется режим чрезвычайного положения.
Это черная страница 30-летней истории нашей Независимости. Уверен, что совместными усилиями мы ее перевернем, но, к сожалению, она на вечно останется в нашей памяти.)  

РКС: Кеше Республика бойынша 3 облыста төтенше жағдай режимі ақталды. Ал, Ақмола облысындағы төтенше жағдай режимі жалғаса бермек.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...