ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

19:51, 15 қазан 2021

 

ДК:Өңір бюджетінің төрттен бір бөлігі Целиноград ауданына бағытталады. Әсіресе, елорда іргесіндегі ауылдарды көркейтуге ерекше басымдық берілген. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ермек Маржықпаев осылай деді. Мәселен, бір ғана Қараөткел ауылында жаңа балабақша,  дәрігерлік амбулатория және спорт алаңы салынып жатыр. Өңір басшысы құрылыс барысымен танысып, бірқатар тапсырмалар берді.

РКС:Бұл  - елорда іргесіндегі Қараөткел ауылы. Облыс әкімі өз сапарын осы ауылдан бастады. Себебі, мұндағы құрылыс жұмыстары қарқынды. Ауылдың ортасынан жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтеруде. Медициналық мекеме ауысымына 25 науқас қабылдауға қауқарлы. Жоба құны 261 млн.теңге.  Нысан жыл соңында ел игілігіне беріледі деп жоспарланған.

СНХ:ДӘУРЕН САҒЫМБАЕВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Осыған дейін жергілікті тұрғындар ескі медициналық мекемеге жүгінген. Ол ғимараттың іргетасы 1964 жылы қаланған. Аталмыш нысан ешқандай санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Сондықтан біз жаңа ғимарат салуды ұйғардық.

РКС:Ауылдағы тағы бір мәселе – балабақша тапшылығы. Бүгінде мұнда мемлекеттік бір балабақша жоқ.Жаңа балабақшаның құрылысы ауылдағы ағайынның күпті көңілін бір көтеріп тастады.280 орынға шақталған нысанның құрылысы 60 пайызға аяқталған. Келер жылы іске қосылмақ.  Сондай-ақ, ауылда жаңа спорт алаңы салынып жатыр. Бүгінде орын белгіленіп, бірер күнде құрылыс басталмақ. Қараөткелдік қарашаның тағы бір мәселесі жол еді. Енді бұл мәселеде өз шешімін таппақ. Ауылдағы 89 көше күрделі жөндеуден өтуде.

СНХ:АЗАМАТ БІРСЕЙІТОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Бұл жұмыстар 2019 жылы басталды. Ол жылы біз бір ғана көшені жөндедік. 40 млн.теңгені игердік. Осы жылы біз 20 шақырым жолды жөндедік. Осы жылға бөлінген 910 млн. теңгені толығымен игеріп, қазір өз қаражатымызға жұмысты жалғастырып жатырмыз.

РКС:Қараөткел ауылында 30 мыңға жуық адам тұрады. Десе де, соның 7 мыңы ғана ресми тіркеуде. Салдарынан мектеппен  балабақшадағы кезек саны көбейіп,  жүктемеде арта түскен. Сондықтан алдағы санақ науқанында осы мәселе ескерілуі тиіс.Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жергілікті қауымдастық өкілдері мен әкімшілікке осындай тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, қауымдастық мүшелерінің арыз-өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз жол мәселесін шештік. Енді су мен жарық мәселесін көтереміз. Мысалға облыс бюджеті  жылына 100 млрд.теңгені құраса,  соның 25 млрд.теңгесі осы ауданға  бөлінеді. Яғни, қаржының 4-тен бірін осы Целиноград ауданынына бағыттаймыз. Бізде басқада аудандар бар ғой. Сондықтан бәрін бір уақытта шеше алмаймыз. Бірақ, біртіндеп қалыпқа келтіреміз.

РКС: Өңірдегі 3 ауысымдық мәселесінің дені осы Целиноград ауданының еншісінде. Халық көп, балаларға мектеп жоқ. Осы мақсатта салынып жатқан Оразақ ауылындағы білім ошағы 120 орынға шақталған. Жоба құны 1 млрд.теңге. Қаржы уақытылы бөлінсе де, құрылыс жұмыстары тұралап қалған. Әкім мердігерлердің жұмысын сынға алды.

ЕСТ.ШУМ:қанша адам жұмыс істеп жатыр?

  • 32 адам.
  • Өте аз. Осындай үлкен мектепке. Тездетіп бітіріңдер.

РКС:  Өңір басшысы сапар соңында Өтеміс ауылындағы білім ошағына барды.  Былтыр мектеп «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен.Қазіргі таңда мұнда 300-ден астам оқушы білім алады.Ермек Боранбайұлы мектептің техникалық базасын тексеріп, ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тілеп тарқасты.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...